Бас маман – Жобаның жетекшісі (Бюджеттеу және жоспарлау департаменті) (аутстаффинг, баға маркетингі)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білім беру талаптары: Бакалавр
Білім беру бейіні: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
- Бизнес және басқару (экономика/ қаржы/ менеджмент/ мемлекеттік және жергілікті басқару/ маркетинг/ есеп және аудит)/ Инженерия және инженерлік іс (мұнай-газ ісі/ органикалық заттардың химиялық технологиясы/ құрылыс/ инженерлік-техникалық мамандықтар).
Қосымша (ұсынылады):
- MBA дәрежесінің немесе менеджмент немесе экономика/ қаржы/ маркетинг/ менеджмент бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Сертификаттардың болуы бойынша талаптар: - CIPS сертификаттары (сатып алу және жеткізу тізбегін басқару), CFA/ACCA (қаржылық және экономикалық талдау), баға белгілеу/ сметалық іс және құрылыс құнын айқындау саласындағы сертификаттар, жобалық басқару (ұсынылады).
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі:
- кемінде 7 жыл кәсіби тәжірибе: баға белгілеу және/немесе тауарлар, жұмыстар және қызметтер құнына маркетингтік және экономикалық талдау жүргізу және/немесе тауар нарықтарын талдау және/немесе бюджеттік жоспарлау және/немесе сатып алу қызметі және/немесе мұнай-газ саласындағы ірі өндірістік және/немесе ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда құндық бағалау.
Қалаулы:
- баға белгілеу және тауарлар, жұмыстар және қызметтер құнына маркетингтік талдау саласындағы практикалық тәжірибе, оның ішінде нарықтарды зерттеу, коммерциялық ұсыныстарды талдау, нарықтық, тарихи және нақты сатып алу бағаларын талдау, құнға салыстырмалы және факторлық талдау жүргізу, маркетингтік бағаларды айқындау және негіздеу;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға белгілеу процестерін басқару және үйлестіру тәжірибесі;
- жоспарлы бағаларды қалыптастыру және бақылау бөлігіндегі бюджеттік жоспарлау тәжірибесі;
- құн құрылымын және баға белгілеу факторларын талдау тәжірибесі: шикізат, материалдар, жабдық, еңбек ресурстары, логистика, валюта бағамдары, инфляция, тарифтер және т.б.;
- тауар нарықтарын және жұмыстар/қызметтер нарықтарын, өндірушілерді, жеткізушілерді және мердігерлерді талдау тәжірибесі;
- бағалық/маркетингтік қорытындыларға сараптама жүргізу, есептеулердің негізділігін және қолданылатын баға көздерін тексеру, елеулі ауытқуларды талдау тәжірибесі;
- бағалық деректердің ірі массивтерімен жұмыс тәжірибесі, баға базаларын қалыптастыру, аналитикалық есептілік және BI-құралдар;
- сатып алу, қаржы-экономикалық, өндірістік және техникалық бөлімдермен және/немесе компаниялар тобы ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- жұмыстар мен қызметтердің құнын калькуляциялық талдау жүргізу, өзіндік құн құрамдастарын талдау тәжірибесі;
- сметалық құнмен жұмыс тәжірибесі, күрделі технологиялық жабдықтың, материалдардың, құрылыс-монтаждық, жөндеу, мұнайсервистік және өзге де жұмыстар мен қызметтердің құнын талдау;
- бағалық индекстермен, валюта бағамдарымен, шикізат құнымен, логистикамен және бағаға әсер ететін өзге де факторлармен жұмыс тәжірибесі;
- бағалық/маркетингтік қорытындыларды,
есептеулерді және экономикалық негіздемелерді дайындау тәжірибесі;
- ТРҮ бойынша бюджеттік жоспарлау, жоспарлау және жоспарлы бағаларды қалыптастыруға қатысу;
- баға белгілеу және баға маркетингі әдістемесін әзірлеу және/немесе қолдану тәжірибесі;
Басқарушылық тәжірибе (ұзақтығы), жыл:
- кемінде 5 жыл орындаушылар тобына басшылық ету тәжірибесі немесе КМГ-де төменгі тұрған лауазымда мұрагерлік стаж кемінде 3 жыл.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:
- ҚР сатып алу және баға белгілеу саласындағы заңнамасын білу;
- баға белгілеу әдістемесін және ТРҮ маркетингтік бағаларын айқындау әдістемесін білу (есептеу әдістері, баға ақпарат көздері, баға қорытындыларын қалыптастыру және сараптау);
- нарықтарға маркетингтік талдау жүргізуді білу (конъюнктураны, өндірушілерді, жеткізушілерді/мердігерлерді, баға өзгеруінің нарықтық үрдістері мен факторларын талдау);
- экономикалық және құндық талдауды білу (салыстырмалы және факторлық талдау, тауарлар, жұмыстар және қызметтер құнының құрылымы және құн драйверлері);
- бюджеттік жоспарлау және жоспарлау (маркетингтік бағалардың бюджеттермен, даму жоспарларымен және сатып алулармен өзара байланысы);
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін B1 деңгейінен төмен емес меңгеру: Intermediate (орта) (ұсынылады) кәсіби құжаттамамен, халықаралық баға және нарықтық ақпарат көздерімен жұмыс істеу үшін.
- сатып алу қызметін білу (сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру процестерін, категориялық стратегияларды және сатып алу құнын қалыптастыру қағидаттарын түсіну);
- мұнай-газ саласының ТРҮ ерекшелігін білу (жабдықтың негізгі категориялары, материалдар, құрылыс-монтаждық, жөндеу, сервистік және өзге де жұмыстар мен қызметтер);
- маркетингтік бағаларды айқындау және талдау бойынша әдістемені, регламенттерді және бірыңғай тәсілдерді әзірлеу дағдылары;
- күрделі және жоғары құнды ТРҮ-ға, құн құрылымы мен баға белгілеу факторларына талдау жасау дағдылары;
- ДЗО-мен, қаржылық және өндірістік, техникалық, сатып алу және өзге бөлімшелермен кросс-функционалдық өзара іс-қимыл дағдылары;
- басқарушылық аналитиканы дайындау және қорытындыларды басшылыққа, комитеттерге және алқалы органдарға ұсыну дағдылары;
- Қор мен КМГ-нің корпоративтік талаптарын білу;
- деректерді басқару және баға аналитикасын білу (бірыңғай баға базасын құру қағидаттары, деректердің үлкен массивтерін талдау және процестерді автоматтандыру);
- ТРҮ маркетингтік бағалары функциясын басқару және үйлестіру дағдылары;
- бағаға сараптамалық бағалау және негіздеу дағдылары, елеулі ауытқулар мен баға тәуекелдерін анықтау.
Функционалдық міндеттер:
1. ТРҮ маркетингтік бағаларын орталықтандырылған қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
- КМГ және КМГ компаниялар тобы ұйымдары бойынша ТРҮ (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) маркетингтік бағаларын орталықтандырылған қалыптастыруға қатысты Басқарманың жұмысын ұйымдастырады;
- орындалатын жұмыстардың көлемін, күрделілігін және басымдылығын ескере отырып, келіп түскен тапсырмаларды тауарлар және жұмыстар/қызметтер секторлары арасында бөледі;
- маркетингтік бағаларды есептеу тәсілдерін және баға ақпарат көздерін қарастырады; КМГ компаниялар тобы ұйымдарында маркетингтік бағаларды қалыптастыруға бірыңғай тәсілдерді қолдануды үйлестіреді.
2. Маркетингтік және бағалық талдауды ұйымдастыру
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер нарықтарын, нарықтық конъюнктураны, өндірушілерді, жеткізушілерді және мердігерлерді талдауды жүргізуді ұйымдастырады;
- Басқарма секторлары дайындаған маркетингтік бағалар бойынша есептеулер мен материалдарды қарастырады;
- техникалық сипаттамалар, көлемдер, жеткізу шарттары мен орны, логистика, валюта бағамдары, инфляция, тарифтер және өзге де баға белгілеу факторларын қоса алғанда, маркетингтік бағаларды қалыптастыруға әсер ететін факторларды есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- күрделі, жоғары құнды және стандартты емес ТРҮ бойынша қосымша талдау жүргізуді ұйымдастырады.
3. Әдістемелік сүйемелдеу және процестерді дамыту
- маркетингтік бағаларды қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- маркетингтік бағаларды қалыптастыру кезінде қолданылатын бірыңғай тәсілдерді, нысандарды және шаблондарды дайындауды ұйымдастырады;
- КМГ-нің баға маркетингі бойынша ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;
- ДЗО-ны әдістемелік сүйемелденуді жүзеге асырады;
- әдістеме қолдану тәжірибесін талдайды және оны жетілдіруді бастамалайды;
- КМГ компаниялар тобы бойынша Қордың Корпоративтік стандарты талаптарын қолдануды үйлестіреді.
4. ТРҮ бойынша маркетингтік бағаларды қолдануды талдау
- КМГ ДЗО бюджеттері жобаларын ТРҮ бойынша қолданылатын бағалардың негізділігі бөлігінде талдау жүргізеді;
- ДЗО бюджеттері мен сатып алу жоспарларын қалыптастыру және түзету кезінде қолданылатын бағаларды талдауды қамтамасыз етеді;
- бағалардағы елеулі ауытқуларды анықтау және олардың пайда болуына әсер ететін факторларды талдауды үйлестіреді;
- нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді ескере отырып, маркетингтік бағаларды өзектендіру бойынша ұсыныстарды дайындауды ұйымдастырады;
- маркетингтік бағалардың асып кетуі туралы хабарламаларды талдауды ұйымдастырады және
тиісті негіздемелерді дайындайды.
5. ДЗО және мүдделі бөлімшелермен өзара іс-қимыл
- маркетингтік бағаларды қалыптастыру және талдау мәселелері бойынша ДЗО-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Басқарма функцияларын орындау үшін қажетті бастапқы деректер мен материалдарды ДЗО-дан алуды қамтамасыз етеді;
- бюджеттік жоспарлау, жоспарлау, сатып алу, өндіріс, техникалық және өзге бөлімшелермен өзара іс-қимылды үйлестіреді;
- маркетингтік бағаларды қалыптастырудың күрделі мәселелері бойынша ДЗО-мен әдістемелік өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Фондпен, Фондтың сатып алу операторымен, ішкі аудит бөлімшелерімен және сыртқы аудиторлармен Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылға қатысады.
6. Бағалық деректерді басқару, автоматтандыру және BI
- ТРҮ бойынша маркетингтік, нарықтық, тарихи және нақты сатып алу бағаларының бірыңғай базасын қалыптастыру және дамытуға қамтамасыз етеді;
- маркетинг және баға талдау процестерін автоматтандыруға қатысты функционалдық талаптарды айқындайды;
- ақпараттық жүйелер мен баға деректері көздерін қою және интеграциялау бойынша тапсырмаларды белгілеуге қатысады;
- BI-аналитика құралдарын, баға динамикасын мониторингтеу және елеулі ауытқуларды анықтау құралдарын дамытуға қамтамасыз етеді.
7. Басқарушылық аналитика және есептілік
- ТРҮ бағаларының динамикасы мен ауытқулары туралы аналитикалық есептерді дайындауды қамтамасыз етеді;
- тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің негізгі санаттары бойынша аналитикалық қорытындыларды қалыптастырады;
- департамент директоры, КМГ басшылығы және алқалы органдар үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
- маркетингтік бағалар бойынша есептеулер мен негіздемелерді құжаттандыруды ұйымдастырады;
- қолданылатын баға ақпарат көздерін өзектендіруді үйлестіреді;
- есептік материалдар мен баға қорытындыларын белгіленген тәртіппен жүйелеуді және сақтауды қамтамасыз етеді;
- Басқарма құзыреті шегінде ішкі және сыртқы аудиттің ескертпелерін, сондай-ақ өзге бақылау органдарын қарастыруды ұйымдастырады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар