"Қазпочта" АҚ Алматы облыстық филиалы Кассалық операциялар секторы бас маманы (декреттік орын)

«Қазпошта» АҚ Қонаев қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
183

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Кассалық операцияларды дұрыс жүргізу міндетін орындау мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне, «Қазпошта» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы №58 қаулысына (2012 жылғы 24 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, №252 хаттама) сәйкес қолма-қол ақшамен, ұлттық және шетел валютасымен жұмысты ұйымдастыру;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен және екінші деңгейдегі банктермен қолма-қол ақша бойынша операцияларды жүргізу;
3. ақша ағындарын реттеу, қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету және кассалық операцияларды дұрыс жүргізу мәселелері бойынша филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
4. филиал бөлімшелерінің кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының белгіленген лимитінің сақталуын бақылау, лимитті өзгерту туралы өтінімдерді қабылдау және қарау; қолма-қол ақшаны (ұлттық және шетел валютасында), қатаң есептілік бланкілерін қабылдау және беру, оларды қайта санау және сақтау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ банкоматтарды, поштоматтарды және терминалдарды жүктеу мен түсіру жұмыстарын бақылау;
5. операциялық күннің басындағы, операциялық күн барысында және операциялық күн аяқталғаннан кейінгі бас кассаның қалдығын бақылау, операциялық күн соңындағы бас касса қалдығын шоғырландыруды, күн қорытындысы бойынша қалдықты қалыптастыру мен салыстыруды және тиісті шығыс құжаттарын рәсімдеуді бақылау;
6. қолма-қол ақшаны (ұлттық және шетел валютасында), қатаң есептілік бланкілерін қабылдау және беру, оларды қайта санау және сақтау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ банкоматтарды, поштоматтарды және терминалдарды жүктеу мен түсіру жұмыстарын бақылау;
7. айналымдағы банкноталар мен монеталардың сапасын бақылауды жүзеге асыру, төлемге жарамсыз және тозған банкноталарды, сондай-ақ ақаулы монеталарды айналымнан уақытылы алып қоюды қамтамасыз ету;
8. бас кассадағы кассалық операцияларға қатысты құжаттардың тиісті түрде рәсімделуі мен жүргізілуін бақылау, кассирлердің өз міндеттерін нақты әрі сапалы орындауын талап ету;
9. қабылданған және берілген ақша (құндылықтар) кітабын, ұлттық валютадағы қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтарды есепке алу кітабын, ақша қоймасында сақталатын шетел валютасын, төлем құжаттарын және өзге де құндылықтарды есепке алу кітабын, қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабын, банкоматтарды жүктеу және түсіру операцияларын есепке алу кітабын, кілттерді беру журналын және басқа да есепке алу құжаттарын жүргізуді бақылау;
10. филиалдың Қаржылық есептілік және қаржыны басқару қызметіне (УСФУ ОЦО) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 10СБ нысаны бойынша ай сайынғы есепті қалыптастыру және ұсыну, сондай-ақ сұратылған өзге де ақпаратты беру;
11. бас кассадағы кассалық операцияларға қатысты құжаттардың тиісті түрде рәсімделуі мен жүргізілуін, бас касса құжаттарының қалыптастырылуы мен сақталуын бақылау, сондай-ақ кассирлердің өз міндеттерін нақты әрі сапалы орындауын қамтамасыз ету.

Талаптар:

Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе экономика, және/немесе қаржы профилі бойынша жоғары және/немесе арнайы орта білім

Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық талдау, және/немесе салық есебі саласында және/немесе "Қазпошта" АҚ кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс

Шарттар:

Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін

декреттік орын