ҚМГ Инжиниринг ЖШС downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері (Инженер-құрылысшы ОВ және ВК) (аутстаффинг)
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.Талаптар
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ), Құрылыс инженері
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл. Жобаларды жобалау, сараптамадан өткізу, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстары кезеңдерінде іске асыруға қатысу.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Қазақ тілін білу;
Сәулет және құрылыс саласындағы ҚР ҚНжЕ, РДС және заңнамаларын терең білу;
Қада жұмыстары, бетон жұмыстары және күрделі металл конструкцияларын монтаждау технологияларын білу;
EPC/EPCM шарттарын жасау рәсімдері мен жоба өмірлік циклін түсіну;
Жауапкершілік, қағидатшылдық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы теңгерімді сақтау, мықты команда қалыптастыру;
Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);
Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
«Қолданыстағы өндіріс» жағдайында жұмыс істеу дағдылары;
Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;
Күрделі интеграцияланған бизнес-орта шеңберінде басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара әрекеттесу қабілеті;
Командада жұмыс істеу дағдылары;
Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, сондай-ақ өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау;
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
ЖСҚ бөлімдері бойынша сараптама жүргізеді: ЖЖ және СК.
Инженерлік-геологиялық және геодезиялық ізденістер бойынша есептерді тексереді.
ҚҰЖ (құрылысты ұйымдастыру жобасы) әзірленуін бақылайды.
Динамикалық жүктемелерге (компрессорлар, сорғылар) арналған іргетастардың есептерін тексереді.
Металл конструкцияларды коррозиядан қорғау және өртке қарсы қорғау шешімдеріне сараптама жүргізеді.
Өз бағыты шеңберінде жобалық құжаттама мен техникалық шешімдер бойынша сараптамалық қорытынды дайындауға қатысады.
Қолданыстағы ғимараттарды бұзу және коммуникацияларды көшіру жоспарларын келіседі.
Сметалық есептеулер үшін құрылыс жұмыстарының көлемдерін бақылайды.
Арнайы техникаға арналған жолдар мен алаңдарды салу бойынша жобалық шешімдерді тексереді.
Құрылыстың технологиялылығын талдауға қатысады.
Құрылыс материалдарындағы елдік қамту нормаларының сақталуын бақылайды.
Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша шешімдерге сараптама жүргізеді.
Мердігер ұйымдардың ЖӨЖ-сін (жұмыс өндірісінің жобаларын) келіседі.
Құрылыс шешімдерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған алаңдарды дайындауға техникалық қадағалау жүргізеді.
ПМХЗ техникалық қызметтерімен және ҚМГИ жобалық кеңсесімен өзара әрекеттеседі.
Күнделікті, апталық және айлық прогресс туралы есептерді қалыптастырады.
Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитетке арналған материалдарды дайындайды.
Серіктестіктің ішкі реттеуші құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қауіпсіз мінез-құлықты көрсетеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптары мен нормаларын сақтайды;
Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
Аутстаффинг секторы персоналы жұмысының мазмұны мен Бөлімше қызметіне қатысты тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ерекше шарттар:жоқ
Ескертпе:Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар