ҚМГ Инжиниринг (аутстаффинг)ЖШС Downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері (Энергетик)
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.Талаптар
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
Жоғары техникалық білім, тиісті қызмет бейіні бойынша, магистр дәрежесінің, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми еңбектерінің болуы, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/биология және экология/химия/МВА /IТ/басқа (жақсырақ), Энергетик-инженер
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе облыстарда бейіні бойынша кемінде 5 жыл, кемінде 2 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі |
Энергетика саласында жобалау және пайдалану бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. 110/35/10/6 кВ қосалқы станцияларымен жұмыс тәжірибесі. Технологиялардың халықаралық лицензиарларымен жұмыс тәжірибесі. Жобаларды жобалау, сараптамадан өткізу, құрылыс, іске қосу-баптау жұмыстары және пайдалануға енгізу кезеңдерінде іске асыруға қатысу.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:қажет етпейді
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Қазақ тілін білу;
ҚР ЭҚЕ (ПУЭ РК), IEC стандарттарын білу;
Электр жүктемелері мен қысқа тұйықталу токтарын есептеу дағдылары;
Үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелерін (UPS) білу;
EPC/EPCM шарттарын жасасу рәсімдері аясындағы жобаның өмірлік циклін түсіну;
Орыс тілін, ағылшын тілін білу (құпталады);
Microsoft Office, Outlook және басқа да мамандандырылған бағдарламаларды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Жобалық-сметалық құжаттаманы, электротехникалық сызбаларды, біржелілік схемаларды, басқару схемаларын, кабельдік журналдарды, жабдық спецификацияларын, жұмыс көлемдерінің ведомостарын және жобаның электротехникалық бөлігі бойынша өзге де құжаттарды оқу, талдау және тексеру дағдылары;
Тапсырыс беруші мен мердігерлердің қатысуымен EPC/EPCM/PMC процестері шеңберінде жобалау, құрылыс және іске қосу-баптау жұмыстарын үйлестіру дағдылары;
Жедел жоспарлау (MS Project, Primavera), кросс-функционалды командаларды басқару, техникалық кеңестер өткізу дағдылары;
Ұжымдағы жанжалдарды басқару, техникалық кеңестерді (HAZOP, HAZID) фасилитациялау дағдылары, қашықтан жұмыс істейтін командалар мен аутстаффингті басқару тәжірибесі;
Жауапкершілік, қағидаттылық, ынтымақтастық, мүдделерді қорғау мен сын арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мықты команда қалыптастыру;
Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
Жұмыстарды ұтымды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;
Күрделі интеграцияланған бизнес-ортада басқа бизнес-бірліктермен және функционалдық бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау қабілеті;
Командада жұмыс істеу дағдылары;
Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
Стандартты емес және күрделі жағдайларда шешім қабылдау;
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
110/35/10/6/0,4 кВ тарату құрылғыларының (ТҚ) біржелілік схемаларын тексереді.
Қысқа тұйықталу токтарының есептеулеріне және релелік қорғаныс пен автоматика (РҚА) параметрлеріне сараптама жүргізеді.
БӨАжА және АБЖА үшін үздіксіз қоректендіру жүйелерін (UPS) жобалауды бақылайды.
Күштік трансформаторлар мен электрқозғалтқыштарға арналған спецификацияларды тексереді.
Өз бағыты шеңберінде жобалық құжаттама мен техникалық шешімдер бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
Жобаның электротехникалық бөлігі бойынша жобалық шешімдерді келіседі.
Аумақты жарықтандыру жоспарларын (жұмыс, авариялық, күзеттік) тексереді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан техникалық шарттарды алуға және орындауға қатысады.
ТЭН және «П» сатысы құрамындағы «Энергия тиімділігі» бөлімінің әзірленуін бақылайды.
Кабельдік журналдарға және күштік кабельдердің қималарын есептеуге сараптама жүргізеді.
Зауыттың бас жоспарында жаңа қосалқы станцияларды орналастыруды келіседі.
Блоктық-модульдік орындаудағы жабдықтың электротехникалық бөлігіне техникалық аудит жүргізеді.
Электр жабдықтарын өндіруші зауыттарда және алаңда қабылдауға қатысады.
Негізгі электр жабдықтарын жеткізушілердің техникалық құжаттамасын, оның ішінде паспорттарды, сертификаттарды, зауыттық сынақ хаттамаларын, нұсқаулықтарды, схемалар мен сызбаларды тексереді.
Электр жабдықтарының жарылыс және өрт қауіпті аймақтар кластарына сәйкестігін бақылайды.
ПНХЗ техникалық қызметтерімен және ҚМГИ жобалық офисімен өзара әрекеттеседі.
Мерзімдік прогресс есептерін қалыптастырады.
Басқарушы комитет пен Инвестициялық комитетке арналған материалдарды дайындайды.
Серіктестіктің ішкі реттеуші құжаттарында, лауазымдық нұсқаулықта және сенімхатта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Жеке үлгісімен қауіпсіз мінез-құлықты, ережелер мен нормаларды сақтауды көрсетеді, сондай-ақ басқа қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауға тартады және ынталандырады;
Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
Тікелей басшының бөлімшенің қызметіне және қызметкер жұмысының мазмұнына қатысты өзге де тапсырмаларын орындайды;
Бөлімше қызметі шеңберінде өз құзыреті бойынша жұмыстарды жоспарлайды және үйлестіреді;
Тапсырмалар мен міндеттердің нақты орындалуын, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді талдайды. Анықталған ауытқулар болған жағдайда (мерзімі, тапсырмалар көлемі, орындалған жұмыстың сапасы бойынша) түзету іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;
EKS порталында бөлімше туралы ережені және лауазымдық нұсқаулықтарды уақтылы әзірлеуге қатысады және олармен уақтылы танысады.
Ескертпе: Жұмыс Павлодар қаласында "ПМХЗ" ЖШС кеңсесінің базасында жүзеге асырылатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар