ВАХТА ЕМЕС_Тау-кен байыту кешеніндегі 5-санатты көлік жүргізушісі (2026 жылғы 2 қазандағы № 76-17-13/2008 өтінім) – 1 бос орын, Курчатов қ.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Меңгеруі керек: –жүк көтергіштігі 10 тоннадан 40 тоннаға дейінгі барлық үлгідегі жүк автомобильдерін (автопоездарды) (автопоездарды-автомобиль мен тіркеменің жиынтық жүк көтергіштігі бойынша), габариттік ұзындығы 7-12 метр автобустарды басқару, сондай-ақ жолдарда қозғалыс кезінде артықшылыққа құқық беретін арнайы дыбыс және жарық сигналдарымен жабдықталған автомобильдерді басқару; -механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін, қызмет көрсетілетін автомобильдің желіде жұмыс істеу кезінде пайда болған пайдалану ақауларын жою; -техникалық көмек болмаған жағдайда далалық жағдайларда реттеу жұмыстарын орындау.

Білім:

Негізгі орта деңгейден төмен емес, кәсіби дайындықтың болуы.

Дағдылар:

Білуі керек: -қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу принципін және жұмысын; -ақаулықтардың белгілерін, себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; -автомобильге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындаудың көлемдерін, кезеңділігін және негізгі қағидаларын; -автомобильдің жөндеуаралық жүрісін ұлғайту тәсілдерін; -далалық жағдайларда автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін; -автомобиль шиналарының жүрісін және аккумуляторлық батареялардың қызмет ету мерзімін ұлғайту тәсілдерін; -радиобайланыс құралдарын пайдалану ережесін; -қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктерін; -«В», «С» және «D» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы.

Қосымша:

1.4 Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: 1 жылдан кем емес белгілі мерзімге (1 жыл)/белгісіз мерзімге 1.5 Негізгі лауазымдық міндеттер - 1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы көміртегі оксиді, азот диоксиді және мұнай көмірсутегі аэрозольдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары 1.7 Жұмыс режимі және демалыс: бекітілген ауысым кестесіне сәйкес демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): -негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы: 24; -зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс істегені үшін қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы: 12. 1.8 Лауазымдық жалақы мөлшері: 5-разрядты 9.1-грейд 163 493 теңгеден бастап 339 018 теңгеге дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1.9 Тағлымдама -тиісті біліктілігі және/немесе кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыскерді қабылдаған жағдайда белгіленбейді; -тиісті құжаттармен расталған мамандығы бойынша біліктілігі және/немесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді қабылдаған жағдайда кемінде 30 жұмыс ауысымы мерзіміне белгіленеді. "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде,бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру. Байланыс телефоны: +7777 147 55 05.

Білетін тілдер:

-