«ҚТЖ» ҰҚ АҚ филиалының 2-ші санаттағы «Семей магистральдық желісі» бөлімшесінің «Иртыш зауыты» теміржол стансасының бастығы

от 475 160
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
28

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Қызметтік міндеттері:
  • Станцияның қызметін белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық және технологиялық регламенттерге сәйкес басқарады және ұйымдастырады;
  • Компания берген сенімхат негізінде және сенімхатты қайта тапсыру құқығы болған жағдайда, филиал директоры берген сенімхат негізінде, сондай-ақ Компанияның жергілікті актісімен бекітілген лауазымдар тізімі бойынша өкілеттіктерге сәйкес станция қызметкерлерімен еңбек қарым-қатынастары саласында шешім қабылдайды;
  • көліктік процеске қатысушылармен жасалған шарттарға сәйкес қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді және олардың жалпы пайдаланудағы жолдардағы өндірістік қызметі үшін жағдай жасайды;
  • станцияның техникалық-ұйымдық актін, технологиялық процесін (технологиялық картасын), жергілікті нұсқауларды және станцияның жұмысын регламенттейтін басқа да құжаттарды әзірлейді, НТД-нің әзірленуін бақылайды;
  • станция шегіндегі теміржол жолдарының, стрелкалардың, сигналдардың және басқа да техникалық құрылғылардың жақсы жағдайда болуын, аумақтың, стрелкалық посттардың, стрелкалардың, өтпелердің, жүк тиеу және түсіру пункттерінің қалыпты жарықтандырылуын бақылайды;
  • қызметкерлерді қажетті инвентарьмен, сигналдық құралдармен, материалдармен қамтамасыз етеді;
  • жаңа сигнализация, орталықтандыру, блоктандыру және байланыс құрылғыларын, жылжымалы құрамды, жұмысты автоматтандыру құралдарын сынау және енгізуге қатысады;
  • құжаттарды және есеп беруді жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • белгіленген тәртіпте қажетті (бекітілген) штат санының болуын, оларды іріктеуді, сапалы құрамын, материалдық-техникалық жабдықталуын және орналастыруын, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім)
  • Мамандығы: Көлікті ұйымдастыру, қозғалыс және көліктерді пайдалану (теміржол транспорты) саласында
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл станция бастығының орынбасары (оперативтік жұмыс бойынша)/бас инженер лауазымында және кемінде 2 жыл пойыз диспетчері/бөлімдегі кезекші лауазымында.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр