Усть-Таловка станциясының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы

от 176 047
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
18

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

32) 30.09.10 ж. 373 Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес стандартты емес жағдайлардағы жұмыс технологиясын (жүйе жұмысы тоқтап қалған кезде) ескере отырып, тасымалдарды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ЖБАЖ), КЖД АБЖ жүйесіне ақпаратты бақылауға және уақтылы қабылдауға және беруге;
33) берілетін ақпараттың дұрыстығын, толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ақпараттың сақталуы мен мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылауға және оған жауап беруге;
34) Жергілікті вагондарды келуі және жөнелтуі бойынша коммерциялық тексеруді жүргізу, бұл ретте поездар қозғалысының қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің сақталуына қауіп төндіретін коммерциялық ақауларды анықтау;
35) Вагондардың басқа әкімшіліктердің, меншікті және жалға алынған вагондардың тиістілігін пайдалануын бақылау;
36) Сақталмаған тасымалдар анықталған жағдайда коммерциялық актілерді жасау үшін материалдарды дұрыс және уақтылы ұсынуды, жедел хабарламалар беруді қамтамасыз етеді;
37) Жүк жөнелтуші-жүк алушы құралдарымен және темір жолмен тиеуге-түсіруге берілетін тиелген және бос вагондарды коммерциялық тұрғыдан тапсыруды және қабылдауды жүргізу;
38) Жүктің толық түсірілуін және вагондарды түсіргеннен кейін тазартылуын тексеру;
39) Жүктің массасын және орындар санын, сондай-ақ Жүктерді тасымалдау қағидаларында көзделген жағдайларда жүктің жай-күйін тексеру;
40) Жүктерді жүк жөнелтушілердің таразысында өлшеуге қатысу;
41) Жүктерді бақылау өлшемдерін және көлемді тексерулерді жүргізу;
42) Жүк алушыларды жүктің келуі және жүк операцияларына вагондардың берілуі туралы уақтылы хабардар етуге;
43) Жүк алушыларға, жүк жөнелтушілерге байланысты себептер бойынша вагондар болған және станция қызметкерлерінің кінәсінен және басқа да себептермен вагондар уақтылы берілмеген жағдайларда кірме жолдарда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды пайдаланудың есебін дәл жүргізуге;

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж