Экономикалық департаменттің ОА менеджері (уақытша лауазым)

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
57

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Қоғамның ұзақ мерзімді Стратегиясына сәйкес филиалдар бөлінісінде Операциялық бюджет қалыптастыруға, сондай-ақ Даму жоспарына қатысу, әрі Қоғамның Операциялық бюджетінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау мәселелері бойынша филиалдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
2) Қоғамның ұзақ мерзімді Стратегиясына және «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының Даму жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындауды мониторингтеу қағидаларына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-тың 5 жылға арналған Даму жоспарын (жылжымалы негізде) қалыптастыруға қатысу;
3) қызметтер мен ТМҚ қажеттіліктеріне түзетулерді бекіту үшін SAP-R/3 жүйесінің ММ модулінде деректерді жүктеп беруді қамтамасыз ету;
4) SAP/R3 жүйесінің ММ модулінде қызметтер мен ТМҚ қажеттіліктеріне түзетулерді бекітуді қамтамасыз ету;
5) Операциялық бюджет пен Қоғамның Даму жоспарының орындалуын мониторингтеу шеңберінде SAP-R/3 жүйесінің ММ модулінен шығындар номенклатурасы бойынша құндық және заттай мәндерде деректерді жүктеп алу арқылы талдау жүргізу, бекітілген шығыстардан асып кетпеуді және жоспарланған шығындардың игерілмеуін мониторингтеуді мақсат ету;
6) бекітілген Даму жоспарына сәйкес операциялық бюджет жиынтығын (ОБ жоспарының базасы) дайындауды қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде Орталық аппарат, филиалдар, еншілес компаниялар бойынша баптық (постатьялық) бөлшектеумен.
7) бекітілген операциялық бюджетті баптық бөлшектеумен Орталық аппараттың Қаржы департаментіне жеткізу, ол үшін SAP жүйесінде Сатып алу жоспары мен Ақша (Касса) бюджеті қалыптастыру;
8) бекітілген операциялық бюджетті баптық бөлшектеумен Орталық аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарға, еншілес компанияларға жеткізу.
9) салалық департаменттермен және Қоғамның Орталық аппаратының қызметтерімен қуаттарды енгізу және телекоммуникация желісін дамыту көрсеткіштерін, сондай-ақ Бюджеттің жекелеген баптары бойынша операциялық қызмет шығыстарының жоспарларын келісу;
10) Қызметтік жауапкершілік матрицасына сәйкес Операциялық бюджетті қалыптастыру, келісу және түзетулер мәселелері бойынша Қоғамның Орталық аппаратының тиісті департаменттері мен қызметтерімен, филиалдарымен және еншілес компанияларымен өзара іс-қимыл жасау: - бекітілген операциялық бюджеттегі жоспарлы мәндермен түзетулерді салыстыру; - SAP-R3 жүйесінің ММ модулінде жоспарлы мәндермен түзетулерді салыстыру; - түзетулер жүргізу туралы тиісті департаменттер мен қызметтерге, Орталық аппаратқа, филиалдарға және Қоғамның еншілес компанияларына хаттар дайындау; - жүргізілген түзетулер бойынша БРД-де (Экономикалық департамент базасы) деректерді жүргізу (кіретін хат және ЭД жауабы, № хаттың шығ. №).
11) Операциялық бюджеттің орындалуына ай сайынғы бақылау мен талдауды қамтамасыз ету;
12) Қоғамның қызметіне экономикалық талдау дайындау, оның ішінде оңтайландыру үшін әлеуетті шығыстарды анықтауға бағытталған кезеңдік жұмыс;
13) Қоғамның қызметін экономикалық талдаудың әдістемелік негізін және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын құралдарды жетілдіруге қатысу.
14) Операциялық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау мәселелері бойынша Әдістемелік ұсынымдарды жетілдіруге қатысу;
15) бюджеттік жоспарлауды автоматтандыруға қатысу;
16) Операциялық бюджет мәселелері бойынша еншілес компаниялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; 17) Қоғамның Операциялық бюджетінің кірістері мен шығыстарын жоспарлау мәселелері бойынша филиалдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; 18) Департамент алдына қойылған міндеттерден туындайтын басқа да функцияларды орындау.

Талаптар:

Жоғары, қаржы-экономикалық. 
Сәйкес бейін бойынша жұмыс өтілі 5 жыл.

Қаржы, экономика немесе бюджеттік жоспарлау саласында жұмыс тәжірибесі.
МСФО негіздері, басқарушылық және қаржылық есеп, қаржылық менеджмент, жобалық қаржыландыру;

Шарттар:

РК-ның ең ірі Телекоммуникациялық Компаниясында жұмыс;
ҚР ЕЕҚ (Еңбек кодексіне) сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
Уақытылы жалақы;
Жақсы әлеуметтік пакет;
Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
Еңбек демалысына материалдық көмек.