Геология секторының жетекші инженері Геология және геофизика басқармасы Геология және барлау департаменті (Бас геолог) (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білім деңгейі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Білім беру бейіні:
- Инженерлік, өндірістік және өңдеу салалары (Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиясы және барлау/ геофизика/ мұнай-газ ісі/ мұнай мен газ геологиясы/ мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану/ тау-кен ісі).
Қосымша:
- тиісті кәсіби қызмет бейіні бойынша магистр дәрежесі (қалаулы);
- бизнес және басқару магистрі дәрежесі немесе бизнес-администрлеу магистрі (MBA) дәрежесі (қалаулы).
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: Сейсмикалық деректерді интерпретациялауға мамандандырылған бағдарламалар бойынша оқыту сертификаты.
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі:
- Қазақстан аумағында және/немесе халықаралық нарықта мұнай-газ саласы бойынша ірі ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда геология және/немесе мұнай-газ саласындағы геологиялық барлау саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қалаулы:
- мұнай-газ саласындағы геология, геологиялық барлау, көмірсутектер қорын бағалау, геологиялық модельдеу және геологиялық барлау жобаларын басқару саласындағы практикалық тәжірибе, оның ішінде геологиялық деректерді талдау, геологиялық қорытындыларды дайындау, геологиялық тәуекелдерді бағалау, жер қойнауын пайдалану учаскелерін лицензиялауды сүйемелдеу және геологиялық барлау жұмыстары бағдарламаларын жоспарлау;
- геологиялық барлау, инвестициялық және өндірістік жобаларды сүйемелдеу тәжірибесі, оның ішінде жұмыстар бағдарламаларын қалыптастыру және олардың іске асырылуын мониторингтеу;
- ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес (PRMS, SPE және т.б. – қалаулы) жобалардың геологиялық-экономикалық бағалау, көмірсутектер қорлары мен ресурстарын бағалау саласындағы практикалық тәжірибе;
- ДЗО-мен, мемлекеттік органдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және салалық сарапшылармен геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- өндірістік, геологиялық, техникалық және экономикалық көрсеткіштерді талдау, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау тәжірибесі;
- ресурстық база мен геологиялық барлау қызметін дамыту саласындағы корпоративтік бағдарламаларды, стратегияларды және нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу тәжірибесі;
- жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша ұлттық компаниялармен, инвесторлармен және стратегиялық серіктестермен жұмыс;
- жер қойнауын пайдалану бойынша шарттарды, корпоративтік шешімдер туралы ынтымақтастық келісімдерін дайындау, келісу және сүйемелдеу бойынша практикалық тәжірибе;
- геологиялық-техникалық, экономикалық және инвестициялық көрсеткіштерді, барлау жобаларын талдау, олардың тиімділігі мен тәуекелдерін бағалау тәжірибесі;
- жобаның қатысушылары арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды басқару және үйлестіру тәжірибесі (геология, бұрғылау, экономика, қаржы, құқық);
- геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу және интерпретациялау үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс тәжірибесі (Pertel, Techlog, ArcGIS және т.б.);
Білімдер мен дағдылар
- жер қойнауын геологиялық зерттеу, геологиялық барлау жұмыстары және көмірсутектердің ресурстық базасын бағалау процестерін білу;
- деректерді геологиялық және геофизикалық интерпретациялау әдістерін, қорларды және болжамды ресурстарды бағалау тәсілдерін білу;
- геологиялық барлау жұмыстарын жобалау, жоспарлау және сүйемелдеу қағидаттарын білу;
- жер қойнауын пайдалану, геология және геологиялық барлау саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілерін және салалық стандарттарды білу;
- геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдау, аналитикалық материалдар, техникалық қорытындылар мен ұсынымдар дайындау дағдылары;
- геологиялық-техникалық негіздемелерді, жобалардың паспорттарын және инвестициялық шешімдерге арналған материалдарды дайындау дағдылары;
- геологиялық тәуекелдерді бағалау және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу дағдылары;
- көмірсутектер қорлары мен ресурстарын бағалау саласындағы мұнай-газ саласының халықаралық стандарттары мен үздік тәжірибелерін білу (PRMS, SPE және т.б. – қалаулы);
- кенорындар қорларын және болжамды ресурстарды жіктеу әдістемесін, пайдалы қазбалар қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды, оның ішінде көмірсутектерді барлау жұмыстары жобаларын құрастыру жөніндегі нұсқауларды білу;
- геологиялық-экономикалық бағалау, инвестициялық талдау және жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін білу (NPV, IRR, CAPEX, OPEX);
- геологиялық, өндірістік, техникалық және экономикалық деректерді талдау, аналитикалық материалдар мен басқарушылық есептілік дайындау дағдылары;
- бизнес-жоспарларды, инвестициялық ұсыныстарды, технико-экономикалық негіздемелерді және корпоративтік құжаттарды дайындау және сараптау дағдылары;
- проеткми басқару, тәуекелдерді бағалау және басқару, іс-шараларды жоспарлау және орындауды бақылау дағдылары;
- геологиялық деректерді талдауға арналған мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу;
- іскерлік хат алмасу, жиналыстар өткізу және ДЗО-мен, мемлекеттік органдармен, ғылыми институттармен және салалық сарапшылармен өзара іс-қимыл дағдылары;
- мұнай-газ жобаларына қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау және іске асыру саласындағы білім;
- жобалық басқару, жобалық қызметтегі озық құралдар мен үздік тәжірибелер саласындағы білімдер мен дағдылар;
- Қазақстан Республикасында және шетел мемлекеттерінде қызметін жүзеге асыратын барлау компанияларының қызмет өңірлерінің ерекшеліктерін білу;
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеру: Upper (ортадан жоғары) (қалаулы).
Функционалдық міндеттер
Жобаларды басқаруды қолдау және ДЗО басқару органдарымен өзара іс-қимыл
1.1 Өз құзыреті шеңберіндегі жобалар бойынша мәселелерді қарастырады және ұсыныстар дайындайды, олардың компанияның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
1.2 Қаралатын мәселелер бойынша курсталып отырған еншілес және тәуелді ұйымдардың (ДЗО) басқару органдарына сараптама жүргізеді, сондай-ақ басқару органдары мен функционалдық комитеттерде КМГ өкілдері үшін ұсыныстар қалыптастырады.
1.3 Стратегиялық тәсілді талап ететін және компанияның ағымдағы әрі перспективалық міндеттеріне бейімделуі қажет мәселелер бойынша талдау жүргізеді және ұсынымдар береді.
1.4 КМГ құрылымдық бөлімшелерімен материалдарды дайындауды және келісуді үйлестіреді;
1.5 КМГ басшылығына, КМГ Инвестициялық комитетіне, КМГ Басқармасына, КМГ Директорлар кеңесіне жер қойнауын пайдалану шарты туралы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін материалдарды дайындауды үйлестіреді;
Ресурстық база бойынша стратегиялық жоспарлардың орындалуын жоспарлау және талдау
2.1 Компанияның ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған стратегиялық жоспарлардың орындалуын жоспарлайды және талдайды.
2.2 Компанияның ұзақ мерзімді басымдықтары мен салалық трендтерін ескере отырып, ресурстық базаны дамыту тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар әзірлейді.
2.3 Ресурстық база бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін талдау нәтижелерін стратегиялық бастамаларға интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Өндірістік бағдарламалар мен бюджеттерді мониторингтеу және келісу
3.1 Барлау және қосымша барлау жұмыстары үшін өндірістік бағдарламаларды, бизнес-жоспарларды және күнтізбелік кестелерді мониторингтейді және келіседі, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарының (ГБЖ) жоспарлы және нақты шығындарын бақылайды.
3.2 Бағдарлама шығындарын және басқа да параметрлерін талдайды, ауытқуларды анықтайды және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
3.3 Бекітілген бюджеттер мен мерзімдер шеңберінде бағдарламалардың іске асырылуын қолдайды, шығындардың айқындығы мен оңтайлылығын арттырады.
Тікелей басшының, департамент директорының және КМГ басшылығының өзге де ауызша және жазбаша тапсырмаларын орындау
4.1 Тәуекел факторларын басқарады, олардың іске асырылуы тәуекелдің туындауына әкелуі мүмкін.
4.2 Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;
4.3 Кез келген жасалған немесе мүмкін қателер/кемшіліктер туралы, олардың ықтимал залалдарға әкелгенін немесе әкелуі мүмкін екенін, ықтимал және іске асырылған тәуекелдік оқиғалар туралы уақтылы хабарлайды (жауапты бөлімге (СУРиВК), тікелей басшысына) ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерде.
Геологиялық барлау жұмыстарының көлемдерін келісу және жер қойнауын пайдалану туралы өтінімдерді дайындау
5.1 Болашақ учаскелер бойынша геологиялық барлау жұмыстарының көлемдерін қарастырады және келіседі, олардың компанияның стратегиялық міндеттеріне сәйкестігін бағалайды.
5.2 Жаңа жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу туралы өтінімдер үшін геологиялық ақпаратты негіздеу және дайындауды қалыптастырады, заңнама талаптары мен ішкі стандарттарды сақтайды.
5.3 Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттары мен ресурстарға қажеттілігін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу процесін қолдайды.
Жаңа жобалардың геологиялық сараптамасы және активтерді бағалау
6.1. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, иеліктен шығаруға жоспарланған жаңа жобалар мен активтер бойынша геологиялық сараптама жүргізеді, олардың перспективалылығын және стратегиялық міндеттерге сәйкестігін бағалайды.
6.2. Басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болатын қорытындыларды қалыптастыру үшін сараптамалардың дәлдігі мен толықтығын қамтамасыз етеді.
6.3 Сараптамалық бағалау үшін ұсынылатын деректердің өзектілігі мен толықтығын қолдайды
Геологиялық-геофизикалық деректерді беруін қолдау және үйлестіру
- КМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарына (ДЗО) бассейндер немесе кенорындар модельдерін құру және егжей-тегжейлі талдау жүргізу үшін геологиялық-геофизикалық деректердің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
- ДЗО мен компанияның геологиялық қорлары арасында геологиялық-геофизикалық деректерді қабылдау және беру процесін үйлестіреді, басшылық құжаттар мен ішкі стандарттарды сақтайды.
- Деректерді жүйелеу және сақтау бойынша қолдау көрсетеді, бұл талдау және шешім қабылдау мақсаттары үшін ақпаратқа жедел қолжетімділік пен пайдалануға ықпал етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар