Шебер-механик Сынау орталығының техникалық қызметі № 47-05-08/7531 от 20.10.2026 г. Усть-Каменогорск-1 ед.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Шебер-механик: - Жұмысты жоспарлауды және бөлімшенің механикалық қызметінің персоналына басшылық етуді жүзеге асырады. - Бөлімшенің механикалық қызметіне тиесілі жабдықтар мен беріліс құрылғыларының жұмысқа қабілетті, техникалық жарамды күйін, олардың үздіксіз, үнемді және қауіпсіз пайдаланылуын, уақтылы сапалы техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді. - Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес механикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын бағынышты қызметкерлердің орындауын қамтамасыз етеді. - Пайдалану, жөндеу және конструкторлық құжаттаманың талаптарына және ЖТҚжЖЖ ұсынымдарына сәйкес стандартты емес жабдықтар мен құрылғыларды дайындау, механикалық жабдықтарды монтаждау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың қауіпсіз, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. - 27.005 ЖПҚ БҚ сәйкес орнатылмаған және тоқтатылған механикалық жабдықтың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. - Тозған механикалық жабдықтан бағалы және түсті металдардың қалдықтарын жинауды және кәдеге жаратуды ұйымдастырады. - Бағынышты қызметкерлердің білімін тексеруді жүзеге асырады. - Механикалық жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмыс режимін бақылауды жүзеге асырады. - Механикалық жабдықтарды жөндеуге арналған ақаулық ведомостарын әзірлейді және жасайды. - Материалдық ресурстарға қажеттілік есебін жасайды. - Сатып алу құжаттамасын ресімдейді, механикалық жабдықты қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуға өтінімдер мен есептеулер жасайды. - Механикалық жабдықтың жұмысын есепке алады, оның тұрып қалу себептері мен ұзақтығын анықтайды және талдайды, оларды жою бойынша ұсыныстар дайындайды. - Бағынышты персоналдың жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асырады. - Материалдар шығысының нормаларын үнемдеу және төмендету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды. - Тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады. - Механикалық жабдықты пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. - Механикалық жабдықтың жұмысындағы авариялар мен ақаулардың себептерін тексеруге және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. - Технологиялық жарақтандыру құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді (өз құзыреті саласында). - Бағынышты қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік талаптарын, режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды орындауын бақылайды. - «ҮМЗ» АҚ басшылығының саясатын бағынышты қызметкерлердің назарына жеткізуге және түсіндіруге қатысады. - Тұтынушылардың талаптарын (ішкі және/немесе сыртқы), сондай-ақ заңнамалық және басқа да міндетті талаптарды орындаудың маңыздылығын бағынышты персоналдың назарына жеткізуге қатысады. - Бағынышты қызметкерлер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөледі және белгіленген талаптардың орындалуын бақылайды. - Ресурстарды анықтайды және жоспарлайды (өз құзыреті саласында). - Бағынысты персоналдың оның қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы және менеджмент саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді. - Өндірістік қызмет процесінде бағынышты персоналдың тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. - Өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін бұзуды болдырмау, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс уақыты режимін сақтау, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу мәселелері бойынша бағынышты қызметкерлермен тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. - Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. - Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды. - Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. - № 14.025 ӨҚжЕҚБ БҚ сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. - Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде пайдаланылатын «ҮМЗ» АҚ материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды.Білім:
орта (техникалық және кәсіптік) білімнен төмен емесДағдылар:
Білуге тиіс: - жабдыққа техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жүйесі; - менеджмент жүйесінің негіздері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; - өндірістік қауіпсіздік талаптары; - режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар.Қосымша:
Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары; - танталдың, ниобийдің, олардың қосылыстарының, фторлы тұздардың әсерінен туындайтын зиянды еңбек жағдайлары; - бериллий мен оның қосылыстарының, бериллий аэрозольдері және иондаушы сәулеленулер; иондаушы сәулеленулер, бериллий аэрозольдері, фторлы қосылыстар әсеріненен туындайтын 2-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары; - иондаушы сәулеленудің әсерінен туындайтын 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс және демалыс режимі: - 07:30 бастап 16:30 дейін - 07:30 бастап 15:42 дейін 5 күндік жұмыс аптасында, демалыс күндері сенбі, жексенбі Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы 24 к/к, - жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы төленетін қосымша еңбек демаласына және еңбекақы төлеудің жоғарыланған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс істегені үшін жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы. Лауазымдық жалақы/грейд мөлшері: грейд 12 334 598 теңгеден бастап 693 823 теңгеге дейінБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Санаты жоқ/ 2-санатты/1-санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономист сынау орталығының экономика және персоналды басқару тобы № 47-05-08/5147 от 14.07.2026 г. Усть-Каменогорск- 1 ед.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
03.11.2026 | 1454
Тау-кен байыту кешенінің Қараджал учаскесінің ауысымдық_4-разрядты тиегіш машинисі (26.11.2025 ж. No 76-17-17/2331) Курчатов - 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
03.11.2026 | 1685
Ауысым емес_Тау-кен байыту комбинатының бас геологы (06.02.2026 ж. No 76-17-13/333) Курчатов қаласы – 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
30.10.2026 | 1334