Желідегі көліктерді жөндеу және жұмысқа жіберу жөніндегі механик

"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
42

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Автокөліктердің тасымалдауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастырады. • Автокөліктердің желіде ақаусыз және сенімді жұмысын, көліктердің жұмысқа жарамды жағдайын, кестеге сәйкес оны желіге шығаруды және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден қабылдау кезінде ақауларды анықтауды қамтамасыз етеді. • Кезекті бағыт бойынша жолға шығар алдында жүргізушілердің көлікті басқару құқығына құжаттарын және автокөліктің құжаттарын тексереді • Жолға шығар алдында жүргізушіге нұсқаулық өткізеді. • Авариялық зақымдануы бар көліктерді жөндеуге құжаттама дайындайды • Көлік құралдарының және аумақта өзге мекеме көліктерінің кіруі мен шығуына жауап береді • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспарлар мен кестелерді жасайды. • Көлік құралдарының техникалық жарамды күйін, көлік құралдары мен тіркемелердің техникалық қызмет көрсетуін және ағымдағы жөндеуін қамтамасыз етеді. • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді, жөндеу материалдарын, құралдарды сатып алуға өтінімдер береді. • Жол полициясының техникалық байқауы кезінде көліктерді таныстыруға тікелей қатысады. • Диспетчерлік қызметтермен тұрақты байланыста болады • Желіден шығып және қайтып келе жатқан көліктерді күнделікті техникалық байқаудан өткізеді • Гаражда және бекітілген аумақта тәртіпті ұйымдастырады және сақтайды, антисанитариялық жағдайда (кузовы, салоны лас және т.б.) көліктердің желіге шығуына жол бермейді. • Көлік құралдарындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын кешенді тексеруге қатысады • Жанармай пайдалануды бақылауда ұстайды • Жөндеу жұмыстарының ғылыми негізделген озық ұйымдастыру мен технологиясын ұйымдастырады және енгізеді, еңбек шығындары мен материалдық ресурстарды азайтуды қамтамасыз етеді. • Техникалық жарамды көліктерді рейске шығарады, олар туралы ақпаратты алдын ала береді. • Қосалқы бөлшектерді, жөндеу материалдарын, құралдарды үнемді пайдалануды жүзеге асырады, тасымалдау жұмыстарының құнын төмендетуге қол жеткізеді. • Бекітілген күнделікті режимнің сақталуын және құрылымдық бөлімшедегі өндірістік еңбек тәртібін бақылайды, • Түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бөлімше қызметкерлерінің автокөлік құралдарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді. • Вахталық ауысым күндері (әр айдың 13-і және 28-і) түнгі ауысымға түсетін өзінің жұмыс кезегіндегі бекітілген жұмысшылардың жұмысқа уақтылы баруын реттейді, қадағалайды. • Қол астындағы қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға дайындығын, жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) болуын және жұмысқа жарамдылығын тексереді. • Қарамағындағы бағынышты жұмысшыларының ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуін қадағалайды • Барлық белгіленген талаптарға сәйкестігін жеке тексергеннен кейін жұмыс істеуге рұқсат береді

Білім:

Жоғары техникалық Инженер-механик (автокөлік және автомобиль жасау)

Дағдылар:

Міндеттерін атқаруы үшін қажетті білімі мен дағдылары

Қосымша:

жөндек жұмыстары іс-шараларының орындалуы туралы есептерді уақтылы жасау

Білетін тілдер:

қазақ,орыс