Пойыз құрастырушысы Сыныптық санаты жоқ Шу станциясы Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі** **«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральді желі дирекциясы»**
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Кезекшілікке тұрар алдында 08:45 және 20:45 сағаттарда өткізілетін жоспарлық жиналыстарға міндетті түрде қатысады. Жиналыстарда станциялық және қосалқы жолдардағы подвижной құрамның болуы мен орналасуы, алдағы жұмыс жоспары, басшылық нұсқаулар мен тапсырмалар, келе жатқан пойыздар туралы ақпарат, түсетін телеграммалармен танысу, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері бойынша нұсқаулық алу жүзеге асырылады;2. Радиобайланыс құралының жұмыс істеу қабілеті мен тұрақтылығын, сондай-ақ қатаң есепке алынатын инвентарларды (тежегіш аяқтар, сигналдық тулар, шүмек, фонарь) міндетті түрде тексереді;
3. Арнайы жұмыс киімін мен арнайы аяқ киімін киіп, қызметтік куәлігі, техникалық формуляры және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру туралы куәлігі міндетті түрде қолында болуы тиіс;
4. Өндірістік қауіпсіздік ережелеріне сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, оларды әкімшілік бақылаудың бірінші сатысының чек-лисіне ресімдеу үшін станция диспетчеріне (ДСП) дереу хабарлайды. **Маневр жұмыстарын жүргізу тәртібі:**
5. Маневр жұмыстары бойынша тапсырмаларды дәл және уақытылы орындайды, маневрлік жылжуға қатысты нұсқауларды қайталап, сигнал береді. Адам бар вагондармен, өлшемінен асқан және қауіпті жүк таситын вагондармен, сондай-ақ ерекше мұқияттылықты қажет ететін вагондармен маневрді ерекше абайлап орындайды. Маневр құрамындағы вагондардың байланыс (жалғау) дұрыстығын тексереді. Станциялық және қосалқы жолдарда маневр жұмыстарын автоматты тежегіштері қосылған және жұмыс істеуі тексерілген күйде, қозғалыс қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздік ережелері толық сақталған жағдайда жалғыз өзі орындайды;
6. Орталықтандырылмаған шпал ауытқығышына жақындағанда, маневр құрамын тоқтатады, ауытқығышты қажетті күйге қояды, құлыптағыш штыры (немесе ілулі құлып) арқылы бекітеді, ұштық рельстің жақтау рельсіне тығыз жанасуын және құлыптағыш закладканың мықты бекітілгенін тексереді. Одан кейін машинистке алға жылжыту туралы сигнал береді. Штыры немесе закладка жоқ болса, вагондарды жылжыту және жинау жұмыстары жүргізілмейді;
7. Ұштық рельстері ажыратылған (сброс) қосалқы жолдан шығу кезінде, құрамды жүргізу аяқталған соң, пойыз құрастырушысы міндетті түрде тоқтап, шпал ауытқығыштың ұштық рельстерін қажетті «сброс» күйіне орнатады, содан кейін ДСП мен ДСПЦ-ға дереу хабарлайды;
8. Станциялық және қосалқы жолдарда маневр жұмыстарын орындау барысында тежегіш аяқтарын (башмактар) орнату және алып тастауды жүзеге асырады, ал орындалған жұмыс туралы міндетті түрде ДСП мен ДСПЦ-ға хабарлайды;
9. Маневр локомотивінің машинистімен, 4-разрядты электр орталықтандыру (ЭЦ) операторымен және станция диспетчерімен (ДСП) радиобайланыстың тұрақтылығын тексереді. Станцияның ТРА-сында көрсетілгендей радиобайланыс тұрақсыз болса, машинистті алдын ала хабардар етіп, қол және дыбыс сигналдары арқылы байланысты жалғастырады. Маневр жұмыстарын және подвижной құрамды бекіту кезінде радиобайланыс рәсімдерін қатаң сақтайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта білім және бекітілген оқу бағдарламасы бойынша арнайы даярлық.Еңбек өтілі: пойыз құрастырушысының көмекшісі немесе вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім