Пойыз құрастырушысыТүркісіб 1-класты (шекаралық) станциясы Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі** **«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральді желі дирекциясы»**

от 289 408
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
32

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Маневр құрамындағы вагондардың байланысын (жалғауын) дұрыстығын тексереді. Адам тасымалдайтын, өлшемінен асқан және қауіпті жүктері бар вагондармен маневр жұмыстарын ерекше мұқияттылықпен орындайды. Станциялық және қосалқы жолдарда маневр жұмыстарын автоматты тежегіштері қосылған және тексерілген күйде, қозғалыс қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздік техникасы толық сақталған жағдайда жалғыз өзі орындайды. Орталықтандырылмаған шпал ауытқығышына жақындағанда, маневр құрамын тоқтатады, ауытқығышты қажетті күйге қояды, құлыптағыш штырі (немесе ілулі құлып) арқылы бекітеді, шпал ауытқығыштың ұштық рельске тығыз жанасуын және құлыптағыш закладканың мықты бекітілгенін тексереді, одан кейін машинистке алға жылжыту туралы сигнал береді. Штырі немесе закладка жоқ болса, вагондарды жылжыту және жинау жұмыстары жүргізілмейді. Қосалқы жолдан шығу кезінде шпал ауытқығышының ұштық рельстері ажыратылған (сброс) болса, поезд құрастырушысы ауытқығыштан өткеннен кейін міндетті түрде тоқтап, шпал ауытқығышты қажетті жұмыс күйіне орнатады, содан соң ДСП мен ДСПЦ-ға хабарлайды. Станциялық және қосалқы жолдарда маневр жұмыстарын орындау кезінде тежегіш аяқтарын (башмак) орнату және алып тастауды жүргізіп, оны ДСП мен ДСПЦ-ға міндеттік есеп беру рәсімі бойынша хабарлайды. Маневр локомотивінің машинистімен, ЭЦ-4 санатының операторымен және ДСП-мен радиобайланыстың тұрақтылығын тексереді. Егер станцияның ТРА (радиобайланыс рәсімі) ережесінде көрсетілгендей радиобайланыс тұрақсыз жұмыс істесе, машинистті алдын ала хабардар етіп, қол сигналдары мен дыбыс сигналдары арқылы байланысты жалғастырады. Маневр жұмыстарын және подвижной составты бекіту кезінде радиостанция бойынша байланыс рәсімін сақтау міндетті.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта білім және бекітілген оқу бағдарламасы бойынша арнайы даярлық. Еңбек өтілі: пойыз құрастырушының көмекшісі немесе вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім