Станция диспечері Сыныптық санаты жоқ Шу станциясы Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі **«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральді желі дирекциясы»**

320 110 - 335 395
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
53

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Станцияда пойыз қозғалысын басқарады; техникалық пайдалану ережелері (ПТЭ), пойыз қозғалысы мен маневр жұмысы бойынша нұсқаулық (ИДП), сигналдау бойынша нұсқаулық (ИСИ), станцияның техникалық бөлу актісі (ТРА) және станция жұмысы технологиялық процесінің талаптарына сәйкес қозғалыс қауіпсіздігін және маневр жұмыстарын қамтамасыз етеді;
2. Станцияның қабылдау-жіберу жолдарында пойыздарды қабылдау, жіберу және маневр жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
3. Пойыздық жағдайды және станциядағы нақты жағдайды талдайды, орын алған қысымды ескере отырып, пойыз қозғалысын және маневр жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оңтайлы шешімдер қабылдайды;
4. Пойыздарды қабылдау, жіберу, өткізу және маневрлік жылжу үшін маршруттарды дайындауды Электр орталықтандыру (ЭЦ) пультинен орындайды немесе маршруттарды дайындау туралы тапсырмаларды парк диспечерлеріне береді;
5. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау құралдарының көрсеткіштері немесе орындаушылардың есептері бойынша тексереді; станция жолдарындағы құрамдар мен вагондарды ТРА талаптарына сәйкес нормалар мен тәртіппен тежегіш құралдармен бекіткенін қадағалайды;
6. Пойыз қозғалысын ұйымдастыру бойынша пойыз диспетчерінің тапсырмаларын орындайды; көршілес станциялардың диспечерлерімен, локомотив және басқа да подвижной құрам машинисттерімен станция аумағында және оған іргелес бөліктерде байланыс жүргізеді; 7. Қабылдау-жіберу жолдарының иеленілуіне дәл есеп жүргізеді; 1-ші сыныптағы жарылғыш заттар (ВМ-1) тасымалданатын вагондары бар пойыздардың жатқан жерін есепке алады және бақылайды.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе одан кейінгі);
Мамандық саласы: Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік); Мамандық саласы: Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалары бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
Еңбек тәжірибесі: • жоғары білім иелері үшін кемінде 2 жыл, соның ішінде мына лауазымдардың бірінде жұмыс өтілі болуы міндетті: – станциялық ЭЦ пунктінің диспетчер-вахтері; – парк диспетчері; – 2–3-сынып станция диспетчері; – 4–5-сынып станция меңгерушісі; – сұрыптау жағасының диспетчері; – пойыз құрастырушысы; – станция операторы. • орта (техникалық және кәсіптік) білім иелері үшін кемінде 3 жыл, соның ішінде жоғарыда көрсетілген лауазымдардың бірінде жұмыс өтілі болуы міндетті.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру