«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының Алматы өңірлік орталығының телекоммуникациялар тобының байланыс тораптары секторының инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
248

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • кезекші инженердің функцияларын орындайды, ауысым басталған кезде ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің жұмысқа қабілеттілігін тұрақты қашықтан мониторинг жасайды, жүйелердің жұмыс істемей қалғаны анықталған жағдайда нұсқаулыққа сәйкес бастапқы диагностика жүргізеді және регламентке сәйкес жауапты тұлғаларды хабардар етеді;
  • электрондық-диспетчерлік журналда ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдықтарын жұмысқа енгізу және жұмыстан шығару бойынша жоспарлы және авариялық өтінімдерді қалыптастырады, олардың мәртебесін жүргізеді, сондай-ақ инциденттер мен сұрауларды өзіне-өзі қызмет көрсету порталында тағайындауды жүзеге асырады;
  • ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдығының жай-күйі туралы тәуліктік анықтаманы қалыптастырады, оны нұсқаулыққа сәйкес мүдделі тұлғаларға таратуды қамтамасыз етеді;
  • пайдалану құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Білім деңгейі: Жоғары / ортадан кейінгі
  • Диплом бойынша мамандық (бағыты): Инженерия және инженерлік іс, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Телекоммуникациялар, Бизнес және басқару / техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) тиісті мамандық бойынша білім
  • Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: Жоғары білім – талап етілмейді / техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім – кемінде үш жыл.

Шарттар:

  • қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтарында оқудан өткендігі туралы куәліктің болуы құптарлық.
  • Жұмыс орны: Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі 162/7 (АО «KEGOC» Алматыаралық электр желілері филиалының ғимараты).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру