«KEGOC» АҚ Күрделі құрылыс департаменті инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру бөлімінің инвестициялық бағдарлама көрсеткіштерін есепке алу және есептілігін жүргізу жөніндегі менеджері (уақытша лауазым)

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
1043

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Жылдық инвестициялық бағдарлама құрамына енгізілген стратегиялық жобалардың, өзге де объектілердің іске асырылуына және монтаждауды талап етпейтін жабдықтарды сатып алуға тұрақты мониторинг жүргізеді;
  2. Филиалдардың күрделі салымдарға жататын нақты шығындарын олардың нысаналы пайдаланылуы және бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан сүйемелдейді және бақылайды;
  3. Филиалдардың жылдық инвестициялық бағдарламаның орындалуы және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерін қабылдайды және тексереді;
  4. Белгіленген нысан бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді, сондай-ақ филиалдар бөлінісінде инвестициялық бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерінің бағыттар, бөлімдер және қаржыландыру көздері бойынша орындалуы туралы түсіндірме жазбаны дайындайды және оларды Компанияның порталына орналастырады;
  5. Айлық, тоқсандық және жылдық есептердің нысандарын («MMR», «Жылдық бюджет жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына факторлық талдау», «Ағымдағы жылдағы даму шығыстары туралы есеп», «Өндірістік-шаруашылық қызмет туралы есеп», «Қаржылық жағдай мен қаржы-экономикалық қызмет нәтижелерін талдау (MD&A)») жасайды және жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады;
  6. SAP Logon жүйесінде жоспарлы және нақты шығындарға мониторинг жүргізеді;
  7. Тиісті бекітілген нысандарды қоса бере отырып, «Күрделі құрылыс» бөлімі бойынша жиынтық жылдық есеп пен талдамалық жазбаны дайындайды;
  8. Өткен жылдардағы инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша «KEGOC» АҚ буклетіне және презентацияларына арналған кестелік және графикалық материалдарды дайындайды;
  9. Жасалған шарттардың бағасын және инвестициялық бағдарламаның орындалуын ескере отырып, өзге де объектілер бойынша және монтаждауды талап етпейтін жабдықтарды сатып алу бөлігінде инвестициялық бағдарламаға түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  10. Инвестициялық бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша селекторлық кеңеске арналған материалдарды дайындайды;
  11. Мемлекеттік орган мен уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілген инвестициялық бағдарлама көрсеткіштерінің орындалуы бойынша ақпарат дайындайды, көрсеткіштерге талдау жүргізеді, негіздемелік және растаушы материалдарды тексереді;
  12. Белгіленген мерзімдерде негіздемелік және растаушы құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік және уәкілетті органдарға жолдайды және оны Компанияның интернет-ресурсында орналастырады;
  13. Бөлімнің құзыретіне кіретін «KEGOC» АҚ қызметінің түйінді көрсеткіштері бойынша ұсыныстар мен есептерді дайындайды;
  14. «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат дайындайды;
  15. Қордың басқарушылық есептілік жүйесіне (СУО) тоқсан сайынғы орындалу туралы деректерді енгізеді;
  16. Стандарттарды, қағидаларды және нұсқаулықтарды келісу рәсіміне қатысады;
  17. Күрделі құрылыс департаменті бойынша стандарттарды, қағидаларды, нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлеуге қатысады;
  18. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Инвестициялық комитеттің, «KEGOC» АҚ Басқармасының, ИСМ жөніндегі үйлестіру кеңесінің, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарына, конференцияларға, кеңестер мен семинарларға арналған материалдар мен есептерді дайындауға қатысады;
  19. «KEGOC» АҚ-ның интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИСМ) саласындағы саясатын, мақсаттарын, жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
  20. Бөлімнің қызметіне қатысты «KEGOC» АҚ құжаттамасының, оның ішінде интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИСМ) саласындағы құжаттаманың талаптарын орындайды;
  21. Күрделі құрылыс департаменті директорының және Инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру бөлімінің бас сарапшысының бөлім қызметіне қатысты тапсырмаларын орындайды;
  22. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасының, ИСМ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына, конференцияларға, кеңестер мен семинарларға арналған материалдар мен есептерді дайындауға қатысады.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Күрделі құрылыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  • Инвестициялық бюджетті жоспарлау саласындағы білім;
  • Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы білім;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

Талаптар:

  • Келесі бағыттар бойынша жоғары білімнің болуы: Электр энергетикасы / бейіндік электр энергетикасы / экономика.
  • Электр энергетикасы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы («Жас-Өркен» бағдарламасы бойынша үміткерлерді қоспағанда).
  • Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша сертификаттардың болғаны құпталады.

Қажетті қабілеттер

  • Учет и отчетность показателей инвестиционной программы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)