«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Алматы» ТЧЭ-28 Алматы локомотив пайдалану депосы Бақылау және жөндеу бөлімінің 1-санатты есеп жүргізу жөніндегі технигі

257 936 - 272 324
ТЧЭ-28 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
465

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Тәуекелдер мен қауіптерді айқындау және белгілеу:
а) локомотивтің негізгі жабдықтарының, сондай-ақ тұтастай алғанда локомотивтің жүрісін уақтылы әрі дұрыс толтыруға және оларды көрсетуге байланысты техникалық паспорттарды ресімдеу бойынша;
ә) локомотивтердің ауа резервуарларын куәландыру кестесін уақтылы жасауды бақылау, резервуарлардың техникалық паспорттарын дұрыс ресімдеу, гидравликалық сынақтар мен сыртқы тексерудің орындалуын бақылау (техникалық паспорттар бойынша);
б) техникалық паспорттарды жүргізу, жөндеу цехтарынан алынған деректер негізінде негізгі жабдықтардың ауыстырылу кітабын жүргізу, ТҚ-13 (ТО-13) нысанындағы есепті (локомотивтің жүрісі, доңғалақ жұптарының жай-күйі, пайдалану мерзімі және пайдалану мерзімінің аяқталуы) дұрыс жасау бойынша.
2. Әзірлеу және енгізу:
а) локомотивтердің ауа резервуарларын куәландыру кестесін, ауыспалы локомотив жабдықтарының тізімдемесін, локомотивте орналасқан жабдықтардың тізімдемесін, жөндеуге қойылған күнін, жөндеуден шығуын, кепілдікті жүрістің болуын және кепілдікті жүріс мерзімінің аяқталу күнін ескере отырып, кепілдікті локомотивтер бойынша есепке алу деректерін (анықтама нысанында), ТҚ-13 (ТО-13) нысанындағы есепті.
3. Деректерді тіркеу және енгізу:
а) жабдықтың немесе локомотивтің жүрісі бойынша техникалық паспортқа, пайдаланылған күнінен бастап, өткен жөндеуден немесе ЛРҚ (ВРЛ), ҰУҚ (КДХ) тұрып қалудан (күн сайын), локомотивтің жүрісі туралы (нысан-анықтама – күн сайын, қажеттілігіне қарай), жоспарлы жөндеу түрлерінен өткен локомотивтердің атаулы саны туралы (арнайы есепке алу журналдарына жазу – күн сайын), бас ауа резервуарларына жүргізілген гидравликалық сынақтар мен тексерулер туралы (паспортқа жазу).
4. Тұжырымдау және құжаттау:
а) ТҚ-13 (ТО-13) нысанындағы есепті, локомотивте орналасқан жабдықтардың тізімдемесін, локомотив паспортына немесе жабдық паспортына локомотив пен негізгі жабдықтың жүрісі туралы жазбаларды, АГО-14 нысанындағы локомотивтер мен техникалық құрылғылардың мүкәммалдық паркі туралы есепті.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж