**Цифрлық шешімдер департаментінің менеджері**
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Сандық жобалар бойынша техникалық тапсырмаларды, аналитикалық есептерді және презентацияларды дайындауға қатысу;
- Жобалық тапсырмалардың кестелер мен KPI-ге сәйкес орындалуын бақылау;
- Корпоративтік АТ-жүйелерді енгізу және пайдалану процесін сүйемелдеу;
- Енгізілген сандық шешімдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, проблемалық аймақтарды жоюды бақылау;
- Подрядчиктердің жұмысын мониторингтеу, жобалар бойынша ақпаратты жинау және консолидациялау;
- Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесінде пайдаланушылардың жұмысын әкімшілеу және сүйемелдеу;
- Documentolog жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша пайдаланушыларға әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету;
- Documentolog жүйесінде электрондық құжат айналымының бизнес-процестерін баптау, оңтайландыру және дамытуға қатысу;
- Бөлімнің компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- Бөлім басшылығы үшін есептілікті дайындау;
- Қызмет бейіні бойынша тікелей басшының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
Талаптар:
- IT/Computer science/Engineering/IT management бағыты бойынша немесе менеджмент, не өзге де сабақтас бағыттар бойынша жоғары кәсіби білім.
- Жобаларды басқару саласында сертификаттардың болуы құптарлық
- Сандық технологиялар, АТ немесе сандық трансформация саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Сандық трансформация жобаларына қатысу, деректер аналитикасы, сандық шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу тәжірибесі.
- Компания ішіндегі бірнеше бөлімшелермен өзара іс-қимыл тәжірибесі.
- АТ-жүйелерді немесе сандық шешімдерді пайдалану эксплуатациясын сүйемелдеудің расталған практикалық тәжірибесі.
- Аналитикалық жұмыс тәжірибесі: есептер, анықтамалар, презентациялар және басшылыққа арналған ұсынымдарды дайындау.
Шарттар:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
Жобалау кеңсесінің аға инженері (кен орындарын әзірлеуші)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.10.2026 | 1263
Жетекші Ақпараттық технологиялар орталығы, корпоративтік қосымшалар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу тобы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
09.11.2026 | 1625