Жобаларды іске асыру қызметінің (ЖІҚ) жетекші маманы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобаларды іске асыру қызметінің басшысы үшін кезеңдік және жедел есептілікті дайындау;
  • Қызмет жетекшілік ететін жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын мониторингтеу;
  • Жоба жоспар-кестелерінде көзделген іс-шаралар мен міндеттердің уақтылы орындалуын бақылау, есептілікті дайындау;
  • Бизнеc-жоспарларды әзірлеу кезінде бастапқы деректерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және шоғырландыру;
  • Нарықты, сұранысты және техникалық ресурстарды талдау, инвестициялық жобалар тізбесі бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Оларды бекіткенге дейін бизнеc-жоспарларды әзірлеуге және келісуге қатысу;
  • Жабдыққа қойылатын техникалық талаптарды әзірлеуге қатысу;
  • Маркетингтік талдау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау және дайындау;
  • Жобаларды іске асыру қызметінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғамның филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық немесе экономикалық білім (ең дұрысы телекоммуникация саласында);
  • Телекоммуникация саласында немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасындағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақтылы жалақы;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.