Тауар операторы (уақытша)

365 571 - 440 611 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
471

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • технологиялық үдерісті жүргізу және технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте қызмет көрсетілетін қондырғы блогының жабдықтарын пайдалану;
  • бақылау-өлшеу аспаптарының және қызмет көрсетілетін блок бойынша деректерді жинау мен өңдеудің ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері бойынша технологиялық режим нормаларының сақталуын бақылау;
  • технологиялық қондырғы мен қосалқы жабдықты, машиналар, сауыттар мен аппараттарды бақылау және қорғау аспаптарын пайдалану және оларға қызмет көрсету, технологиялық үдерісті жүргізу;
  • жабдықтың жұмысын және жылытуды бақылау;
  • мұнай өнімдерінің сынамаларын алу.

Біліктілік талаптары:

  • өндіріс бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • 3-разряд үшін: өндіріс бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
  • 4 разряд үшін: өндіріс бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. Жоғары білім болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Білімі мен дағдылары:

  • мұнай өңдеу процестерін білу;
  • мұнай өңдеу жабдықтарының ішкі құрылғыларын білу;
  • слесарлық жұмыс дағдылары;
  • бұрғылау жабдықтарын пайдалану дағдылары;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • пайдаланушы деңгейінде Windows жүйесінің жұмысын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж