4-5-6 разрядты слесарь-жөндеуші, уран өндіру, ұсыныс № 46-06-21/6806 ден 25.11.2026, - 1 ед, қ. Өскемен

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
100

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4-разрядты білуі тиіс: жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың құрылымын, машиналарды реттеу ережесін; жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды жою тәсілдерін; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын және қолдану ережесін; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымын; күрделі емес әртүрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдерін; Шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; қышқылға төзімді және басқа қорытпалардың қасиеттері;жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелері. 5-разрядты білуі тиіс: жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін; жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеудің, құрастырудың, сынаудың және дұрыс орнатылуын реттеудің техникалық шарттарын; жабдықты жөндеудің, құрастырудың және монтаждаудың технологиялық процесін; жабдықты статикалық динамикалық теңгерімдеуге сынау ережесін; күрделі белгілеу кезінде геометриялық құрылысты; бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын анықтау тәсілдерін және тозған бөлшектерді қалпына келтіру және қатайту және қорғаныс жабынын жағу тәсілдерін. 6-разряд: - жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктері, кинематикалық және гидравликалық схемалары; - Жөнделген жабдықты жөндеу, құрастыру, монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістері; - жұмыс істеп тұрған бөлшектерге, тораптарға, жабдықтың тетіктеріне жол берілетін жүктемелер және бұзылулардың, коррозиялық тозудың және авариялардың алдын алу шараларын білуі тиіс. (4,5,6) разрядты слесарь-жөндеуші қосымша білуі тиіс: - өндіріс экономикасының негіздерін; - ҚР еңбек заңнамасының негіздерін; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормалар мен қағидалардың талаптарын;-жұмыс және технологиялық нұсқаулықтардың талаптарын.

Білім:

Техникалық және кәсіптік/жоғары техникалық/ жалпы орта – кәсіптік даярлық болған жағдайда

Дағдылар:

4-разрядты орындай білуі тиіс: күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау; күрделі жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптау жүргізу және 7-10 квалитет бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеуді орындағаннан кейін тапсыру; жөндеуге және монтаждауға арналған күрделі айлабұйымдар жасау; жөндеуге ақаулы ведомостарын жасау; көтергіш-көлік тетіктері мен арнайы айлабұйымдарды қолдана отырып такелаждық жұмыстарды орындау. 5-разрядты орындай білуі тиіс: күрделі жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, демонтаждау, сынау, реттеу, баптау жүргізу және 6-7 квалитет бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеуді орындағаннан кейін тапсыру; кернеулі және тығыз орнату жағдайда тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыруды. 6-разряд: Күрделі ірі габаритті, бірегей, эксперименттік және тәжірибелік жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеуді, монтаждауды, бөлшектеуді, сынауды және реттеуді жүргізу; - жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою;-Жөнделген жабдықтың жүктемесімен дәлдікке және сынауға тексеру жүргізу.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы -иондаушы сәулелердің әсерінен негізделген 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары; -егер бір айдағы ең жоғары доза 0,42 мЗв-дан артық болса, радонның және олардың қысқа мерзімді еншілес ыдырау өнімдерінің мөлшері жоғары жағдайларда мерзімді жұмыстармен шартталған зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс және демалыс режимі: - 7.30-ден 14.42 дейін, 5 - күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері-сенбі және жексенбі. Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы - 24; - «Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне» сәйкес зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс істеген үшін жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы Ресми жалақы мөлшері Грейд 9/9.2: - 148 630 теңгеден 308 198 теңгеге дейін; Грейд 9/9.1: - 163 493 теңгеден 339 018 теңгеге дейін; Грейд 10/10.7: - 179 842 теңгеден 372 920 теңгеге дейін. Тағылымдама - 30 жұмыс күні мерзіміне белгіленеді (санын көрсету)

Білетін тілдер:

-