байланыс электрмеханигі

«Қазақтелеком» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
1707

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1) Кросстық жабдықтың техникалық қолданынысын қамтамасыз ету; 2) осы позицияға қажетті мөлшерде БЖК және БӘЖ, xDSL салу және пайдалану ережелерін сақтау 3) қол жетімді өлшеу құралдарын қолдана отырып абоненттік желінің және xDSL, xTTH сызықтарының алғашқы диагностикасы (ID Net қызметін тексеру, Megaline, IPTV, SIP) 4) VIP, КБД, Гос ПС клиенттерімен өзара әрекеттесу 5) Мыс пен оптикаға арналған жаппай тізімді тіркеу 6) Компьютерлік бағдарламаларда жұмыс: Spravka Megaline, PK SUMP, CBR мыс пен оптикаға арналған құрал 7) GPON, xDSL технологияларының жұмыс принциптерін қолдану (iD Net, iDTV, SIP, IP VPN қызметтерін ұсыну) 8) Қызметтерді жоюды орнатуға, деректерді 10 тапсырысқа дейін ауыстыруға тапсырыстарды орындау 9) Мыс желілерінен оптикалық желілерге ауысу үшін 40 абонентке дейін қоңырау шалу 10) АТС қызметі, MAD ШАД 11) Ажыратқыштарды, қоныс аударуларды жүргізу 12) Портты және станция бөлгішті ауыстыру (2 және 3 гр. Үшін) 13) Орталық бақылау комиссиясының ЖЖТҚКО технологиялық журналдарын жүргізу және сақтау (2 және 3 топтар үшін). 14) Кросс жабдығында жөндеу және алдын алу жұмыс жоспарын жүргізу және орындау; 15) Желі параметрлерінің нормативтік деректерге сәйкестігін анықтау, бүлінімдерді жою жұмыстарын үйлестіру; 16) Өтінімдерді тиісті бөлімшелерге диспетчерлеу; 17) Өтінімдерді тіркелген сәттен бастап жабылған сәтке дейін оперативті бақылап бұру, орындалған жұмыс шифрлерін талдау; 18) Байланыс қызметтерінің жаппай өшірілу (жөндеу, профилактика, апат, электр энергиясының өшірілуі және т.б.) оқиғаларын тіркеу/шешу, сондай-ақ байланыс үзілісінің ұзақтығы жайлы ақпаратты тиісті құрылымдық бөлімшеге беру; 19) Бүлінімдерді жою жұмыстарын талдау, құрама есептерді дайындау; 20) Негізгі телефон аппараттарын орнату және жаңа қызметтерді қосу бойынша жүктелімдерге сәйкес кростау жұмыстарын орындауды жүзеге асыру; 21) Кросс жабдығында ЖАЖ орындауды жүзеге асыру; 22) «Қазақтелеком» АҚ (бөлімше қызметінің мәселелері бойынша) үдеріс тәртіптемелерін және өзге өкімдік пен ішкі құжаттарын уақытында дәл орындау (бөлімше қызметі саласында); 23) Біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау, алдын алу әрекеттерін қабылдау және сәйкессіздіктер себебін жою мақсатында түзету шараларын орындау. 24) Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бекітілген бақылау рәсімдері мен үдерістері шеңберінде өз міндеттерін орындау. 25) Өз біліктілігін өндірістік - техникалық оқуға қатысу және өз бетінше әдебиетті оқу арқылы арттыру. 26) Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария талаптарын сақтау. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін туындаған жағдай, қызметкерлер мен жұмыс беруші мүліктерінің сақталуы, сондай-ақ тоқтап қалудың туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау. 27) Өндірісте болған әрбір жазатайым жағдай, кәсіптік ауру (улану) белгілері туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлау; 28) Жұмыста пайдаланылатын материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияға жататын, еңбек қызметі үдерісінде оған белгілі болған кез-келген мәліметті (оның ішінде құжаттарды) сақтау; 29) Тікелей басшысының нұсқауын, өкімдерін және тапсырмаларын бұлжытпай орындау; 30) Еңбек және орындаушылық тәртіптерін сақтау; 31) "Қазақтелеком" АҚ ОА сўраныстары бойынша деректерді жинау жјне ўсыну;

Талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмай, ортадан кейінгі білімі/орта техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандығы (біліктілігі) болуы тиіс. 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру