СФ маркенгтік бағаларды анықтау бөлімінің бастығы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
92

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша маркетингтік бағалардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
  • Қоғам деңгейінде маркетинг жүргізуді орталықтандыруды қамтамасыз ету;
  • орташа нарықтық деңгейге сәйкес келетін маркетингтік бағаларды айқындаудың бірыңғай тәсілдері мен әдістерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты шығындарды бақылау және талдау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ жасалған шарттар бағаларын қайта қарау;
  • өз құзыреті шегінде процестерді жетілдіруге қатысу;
  • еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
  • Қоғамның нормативтік-регламенттік құжаттарының талаптарын (бөлімше қызметі шеңберінде) уақтылы және дәл орындау;
  • өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиеттерді өз бетінше оқу арқылы біліктілікті арттыру;
  • заңнама мен нормативтік актілердің сақталуын бақылау.

Талаптар:

  • жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
  • электрондық құжат айналымын білу;
  • осы лауазымға қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (Word, Excel) меңгеру;
  • мемлекеттік тілді және ағылшын тілін лауазымды атқаруға қажетті деңгейде білу;
  • процестік тәсіл: процестерді талдау және оңтайландыру, қызмет сапасын төмендетуі мүмкін әлсіз тұстарды анықтау қабілеті;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының стратегиялық және бизнес-жоспарлау бойынша корпоративтік стандарттарын білу.