Персоналды дамыту жөніндегі санатсыз

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1124

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

2.1 Персоналды оқытуды жүргізу: 2.1.1 «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерін және еңбек қатынастарында тұрмайтын басқа тұлғаларды оқыту мәселелері бойынша қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 2.1.2 «ҮМЗ» АҚ персоналын оқыту жоспарын, «ҮМЗ» АҚ персоналын даярлауға арналған шығындар сметасын қалыптастырады және және ақша қаражатын ұтымды пайдалануды ескере отырып, бөлімшелер мәлімдеген қажеттілікті талдау негізінде жоспарға түзету жүргізеді. 2.1.3 Оформляет договоры на оказание услуг в области профессиональной подготовки, переподготовки, повышения квалификации персонала АО «УМЗ» с поставщиками услуг на основе результатов мониторинга рынка образовательных услуг и в соответствии с документацией, регламентирующей порядок осуществления закупок. 2.1.4 «ҮМЗ» АҚ деңгейінде оқыту жүргізу үшін оқытушыларды іріктеуді, оқытушылар мен практикалық оқыту нұсқаушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. 2.1.5 «ҮМЗ» АҚ жұмыскерлерін басқа ұйымдарда және «ҮМЗ» АҚ деңгейінде оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. 2.1.6 «ҮМЗ» АҚ персоналды оқыту жоспарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады. 2.1.7 Оқу бағдарламаларына және белгіленген талаптарға сәйкес оқытуды өткізу бойынша құжаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады және бақылайды. 2.1.8 Бөлімшелер жұмыскерлерінің оқудан өтуі туралы «Персонал» ӨК-ге деректерді енгізу мониторингін жүзеге асырады. Анықталған сәйкессіздіктер туралы ақпаратты тиісті бөлімшелердің персоналы жөніндегі мамандарға жеткізеді. 2.1.9 Сауалнама негізінде «ҮМЗ» АҚ жұмыскерлері өткен оқу нәтижелілігіне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша оқыту жөніндегі қызмет көрсетушілермен кері байланысты ұйымдастыру бойынша есеп пен ұсыныстар қалыптастырады. 2.1.10 Белгіленген мерзімде «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы талаптарымен анықталған, сондай-ақ басқа ұйымдардың сұраулары негізінде есептілікті қалыптастырады. 2.1.11 Бөлімшелермен персоналды оқыту мәселелері бойынша есептік құжаттардың орындалу мерзімін және сапасын бақылайды. 2.1.12 Оқыту жоспарының орындалуына талдау жүргізеді, жоспарды орындау кезінде ауытқуларға әсер еткен себептерді анықтайды, қызметті жақсарту бойынша іс-шараларға бастамашылық жасайды. 2.2 «ҮМЗ» АҚ белгіленген талаптарға сәйкес жұмыскерлерді аттестаттау бойынша құжаттаманы ресімдеуді бақылайды. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің есептері негізінде «ҮМЗ» АҚ қызметшілерін аттестаттау туралы жиынтық есепті ресімдейді. 2.3 Негізгі лауазымдарға резервті қалыптастыруға бақылауды жүзеге асырады. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде «ҮМЗ» АҚ бойынша негізгі лауазымдарға резервпен жұмыс бойынша жиынтық есеп жасайды. 2.4 Оқу орындарымен өзара әрекеттесу 2.4.1 Техникалық және кәсіптік / орта білімнен кейінгі/ жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру нарығының, сондай-ақ оқу орындары жүзеге асыратын даярлау бағыттарының мониторингін жүргізеді. 2.4.2 Оқу орындары өткізетін кәсіби-бағдарлы іс-шараларға қатысады. 2.4.3 «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен және оқу орындарымен студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикалары мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. 2.4.4 «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінде студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтуін ұйымдастырады және бақылайды. 2.4.5 «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінде практикадан өту қорытындысы бойынша үздік студенттерді анықтау және олардың түйіндемесін рекрутинг бойынша менеджерге ұсыну бөлігінде түйіндеме деректер базасын қалыптастыруға қатысады. 2.5 Әдістемелік жұмыстар өткізу: 2.5.1 Бөлімшелерде персоналды басқару мәселелері бойынша қызметті регламенттейтін нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды өз құзыреті аясында әзірлейді және өзектілендіреді. 2.5.2 Персоналды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мамандармен персоналды дамыту мәселелері бойынша, құрылымдық бөлімшелермен, оның ішінде оқытуды ұйымдастыру, оны өткізу және оқыту нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық жұмыстар жүргізеді. 2.6 Нормативтік құжаттарды әдістемелік әдебиеттерді, ғылыми басылымдарды және персоналды басқару бойынша басқа да ақпарат көздерін зерттейді. 2.7 Жаңадан қабылданған персоналды бейімдеу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. 2.8 Өзінің жауапкершілігі саласында Ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде мәліметтер береді. 2.9 «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің байқау-конкурстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады.

Білім:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Дағдылар:

санатты - ДЭЕМ (Microsoft Office) меңгеру.

Қосымша:

ПББ нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу дағдысы. 1С жұмыс істеу: Жалақы және персоналды басқару немесе персоналды басқарудың басқа да автоматтандырылған жүйелерінде.

Білетін тілдер:

-

Қажетті қабілеттер

  • Владение ПЭВМ (Microsoft Office).