Жоба үйлестірушісі

"Северный Катпар" ЖШС Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
1824

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1. Жоба бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жобаны іске асыру Стратегиясы шеңберінде Жоба бойынша техникалық, әкімшілік және өзге де ақпаратты бақылау, жинау және талдау үшін, Жобаны басқару жөніндегі құжаттама шаблондарын әзірлеу үшін, жобаны іске асыру үрдісінде талап етілетін есептік, таныстыру материалдарын және өзге де құжаттаманы қалыптастыру үшін жауапты болады; Жобаны іске асыру кезеңдері бойынша есептілікті дайындауды және ұсынуды ұйымдастырады, жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасын бақылайды және Серіктестік қызметкерлеріне бастамашылық жасалған кезден бастап аяқталғанға дейін Жобаны басқару бөлігінде әдіснамалық қолдау көрсетеді, Серіктестіктің Бас директорына Жоба бойынша ақпарат және оның тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар береді, Жобаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында ҚР қажетті нормаларына сәйкестігі бөлігінде Жобаны бағалауды және сараптауды қамтамасыз етеді.
2. Қаржы-экономикалық қызметті үйлестіру. ҚР заңнамасы және жобаны іске асыру стратегиясы шеңберінде Серіктестіктің қаржы-экономикалық моделін (ҚЭМ) қалыптастыру және түзету және қаржы-шаруашылық қызметін орта мерзімді және жылдық жоспарлау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді, Серіктестіктің қаржы қорларының қозғалысын және қаржылық қатынастарын реттеуді және Серіктестіктің қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жоғары тұрған басшыға, Жалғыз қатысушыға және мемлекеттік органдарға бюджет бойынша есептілікті ұсынуды үйлестіреді.
3. Ішкі және сыртқы өзара әрекеттесу. Жоба және ҚР заңнамасы шеңберінде тауарлар бөлігінде лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды (бұдан әрі – ЛКТ) төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, деректердің жиналуын, есептіліктің толық және дұрыс қалыптастырылуын және оның Жалғыз қатысушыға, ҚР мемлекеттік органдарына және өзге де мүдделі тараптарға заңнамада белгіленген нысандар мен мерзімдерге немесе сұрау салуларға сәйкес уақтылы ұсынылуын бақылайды; мердігерлердің белгіленген талаптары бойынша іріктейді; жұмыстарды орындау сапасын тексереді және атқарушылық құжаттаманы жүргізу бойынша тәуекелдерді барынша азайту мақсатында олардың жұмыстарын қабылдайды.
4. Тәуекелдерді басқару. ҚР заңнамасы, сондай-ақ ішкі саясат шеңберінде қаржылық, операциялық, құқықтық және т. б. тәуекелдерді басқару бойынша Жалғыз қатысушы Серіктестікте тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдауға жауап береді, серіктестікте өз бағыты бойынша саясаттардың, рәсімдер мен регламенттердің болуын, сондай-ақ қызметкерлердің оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді; жобаны іске асырумен, мердігерлік ұйымдар тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамаумен байланысты тәуекелдерді анықтайды, бағалайды және бақылайды, қаржылық және беделдік шығындарды азайту мақсатында тәуекелдердің алдын алу және оларға ден қою тәсілдерін іздейді.
Талаптар:
1. Жоғары техникалық білім
2. Жұмыс өтілі:
- Өндірістік салада кемінде 8 жыл және жобаларды басқару саласында кемінде 1 жыл тәжірибе
- Өндірістік қызметті жүзеге асыратын және қызмет ауқымы, кіріс көлемі бойынша серіктестікпен салыстырылатын компанияларда кемінде 1 жыл басқарушылық тәжірибесі

Шарттар:

при собеседоәңгімелесу кезінде

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность, организаторские способности.
  • - Навыки в области корпоративного управления и управления рисками.
  • Аккуратность, честность, пунктуальность,

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр