Ақмола филиалы өндірістік-техникалық секторының 1-санатты инженер-технологы «Қазтеміртранс» АҚ

от 286739
АО "Қазтеміртранс" Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
399

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, экология бойынша жұмыстарды жоспарлайды;
  • филиал бөлімшелерінің техникалық тексерулеріне, көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулеріне қатысады, есептер жасайды және тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар ұсынады, олардың орындалуын тексереді. Бөлімшелер мен филиал қызметкерлерінің қысқы кезеңде жұмысқа дайындалуын бақылайды..
  • филиалда техникалық сабақтар өткізуді ұйымдастырады, техникалық сабақтар журналына жазбалар жүргізеді.
  • арнайы киім, арнайы аяқ киім беру мерзімдерінің сақталуын, жеке қорғану құралдарының болуын және пайдаланылуын тексереді.
  • еңбекті қорғау, экология мәселелері бойынша құжаттаманы және жетекшілік ететін мәселелерге қатысты хат алмасуды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • БілімЖоғары
  • Саладағы мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Вагондар және вагондық шаруашылық); көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы/қызмет саласы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы