«Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының жетекші есепшісі

от 286739
АО "Қазтеміртранс" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
592

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Коммерциялық бөліммен берілген еңбекақы ведомості және көрсетілген қызмет актісі негізінде есепті айдың аяғында жұмыстарды жүргізеді, Favorit бағдарламасында шот-фактураларды шығарады және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне (ЭШФ АЖ) экспорттайды;
  • «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-дағы клиенттің Бірыңғай жеке кабинеті арқылы клиенттерден алынған сомалар бойынша 17Т нысанды реестрді алу бойынша жұмыстарды жүргізеді, ішкі тасымалдау операторының тарифіне және операторлық комиссияға қатысты электрондық шот-фактураларды ресімдейді, сондай-ақ олар бойынша орталықтандырылған есеп айырысуға көшу кезінде тізілімде көрсетілген халықаралық тасымалдаулар үшін сомалар;
  • Коммерциялық жұмыс бөлімімен жұмыс жүргізеді операциялық қызметтердің жалпы сомасын салыстырады;
  • Операциялық қызметтер бойынша контрагенттермен өзара есеп айырысуларды салыстыру жұмыстарын жүргізеді және актілерін қалыптастырады;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ транзиттік банктік шоты бойынша банк операцияларының есебін жүргізеді;
  • Коммерциялық жұмыс бөлімімен бірге операциялық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек қалдықтарының жедел есебін жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары
  • Саладағы мамандық: Экономика; Қаржы; Бухгалтерлік есеп және аудит.
  • Жұмыс тәжірибесі: Қызмет саласында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы