"Қазтеміртранс"АҚ Ақмола филиалының коммерциялық жұмыс бөлімінің бастығы

от 383709
АО "Қазтеміртранс" Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
169

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал бойынша вагон операторының қызметтері үшін алдын ала төлемнің болуын растайтын қоғамның рұқсат беру жеделхаттарына сәйкес жүзеге асырылған тиеуді есепке алуды және бақылауды жүргізеді
  • Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінде "Қазтеміртранс" АҚ меншік вагондарында жүктердің тиелуіне мониторинг жүргізу және талдау жасау
  • "СТЖ-кешен" бағдарламасында клиенттің импорттық, экспорттық, транзиттік және республикаішілік қатынастарда оператор қызметтерін көрсетуге арналған шарттың міндетті түрде болуын бақылайды
  • Оператордың тарифін есептеу үшін клиенттерден келіп түскен өтінімдердің орындалуын деректердің дұрыс толтырылуы мен қол жетімділігін бақылайды
  • "СТЖ-кешен" және "Банк-Клиент"бағдарламаларында клиенттерден ақша қаражатының түсуін бақылайды

Қосымша талаптар:

  • Білімі: жоғары
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, теміржол көлігіндегі көлік логистикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр