Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету секторының құжаттама маманы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1035

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Жұмыс процесін күнделікті басқару. Құжат айналымын бақылау: сызбалар мен құжаттаманы уақтылы тарату, алу, мұрағаттау, оларды Мұрағат папкаларында тиісті сақтау; Жобаның құжат айналымына қойылатын талаптарын сақтау; Барлық құжаттар мен сызбаларды беруді және алуды бақылау; Барлық құжаттарды, хат-хабарларды және операцияларды қадағалау; Тізілімге сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіште құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден атқарушылық техникалық құжаттаманы қабылдау және оның мұрағатталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізу

Білім:

Жоғары техникалық немесе гуманитарлық Мүмкіндігінше: жобалау, құрылыс, жоспарлау және құрылыстағы баға белгілеу саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар

Дағдылар:

Сызбалар мен басқа да жобалау-техникалық құжаттамаларды ресімдеу бойынша стандарттарды, әдістемелер мен нұсқаулықтарды білу. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе. Құжаттарды мұрағатқа қабылдау және тапсыру тәртібі, оларды сақтау және пайдалану. Деректер базалары мен банктерін жобалау және өзектендіру әдістері

Қосымша:

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК кәсіпорындарындағы жұмыс тәжірибесі құпталады; Келесідей жеке қасиеттерінің болуы құпталады: 1. Командада жұмыс істей білу; 2. Коммуникабельділік; 3. Стреске төзімділік В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы мүмкіндігінше

Білетін тілдер:

Орыс тілі-еркін. Қазақ, ағылшын-мүмкіндігінше