Бухгалтерлік және салық есебі департаментінің корпоративтік орталықты есепке алу басқармасының (аутстаффинг) аға бухгалтері

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
46

Қаралған саны:
1945

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары экономикалық және/немесе қаржылық білім.

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар (қажет болғанда):

  • SAP HCM, SAP ERP системалырында жұмыс істеу дағдысы.

Лауазымдық міндеттерін атқаруға қажет білім:

  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», мұнай-газ саласындағы (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы) заңнамасы;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары саласында;
  • Қаржылық, басқарушылық, салық есебі және құқық саласында;
  • Еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, корпоративтік басқару және коммуникациялар саласында;
  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің интеграцияланған жүйесі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында (құзыреті шегінде);
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білгені (жазбаша және ауызша) жөн.

Міндеттерді орындауға қажет дағдылар:

  • Салық заңнамасын қолдану;
  • ҚМГ қызметінің ерекшелігін ескеріп, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану;
  • Бухгалтерлік және салық есебін автоматтандыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • Бухгалтерлік және салық есебі процестерін автоматтандыруға арналған техникалық тапсырмаларды дайындау;
  • Еңбекті ұйымдастыру және корпоративтік мәдениет;
  • Ақпараттық технологияларды пайдаланып, құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Тұлғааралық қатынастарды дамыту дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» ЖМ-мен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • Заңнамаға және ҚМГ-ның ішкі құжаттарына сәйкес ҚМГ қызметкерлері мен жұмыс істемейтін адамдардың жалақысын және басқа да төлемдерін құрылымдық бөлімшелер бойынша ішкі бөлуге сәйкес есептеу;
  • Ішкі бөлуге сәйкес атқару парақтары, несие берешегі жөніндегі шарттар, кредиттер, ұялы байланыс, іссапар шығыстары және құрылымдық бөлімшелер бойынша өзге де шегерімдер бойынша жалақыдан шегерімдерді есептеу, ҚМГ қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты дебиторлық және кредиторлық берешегін уақтылы өтеу жұмыстарын жүргізу;
  • Ішкі бөлуге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС), міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), әлеуметтік салықты (СН), әлеуметтік аударымдарды (ӘА), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), қызметкерлер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын (МӘМСЖ) есептеу, шегеру және бюджетке аудару;
  • HR SAP және FI SAP бағдарламаларында депозитке салынған жалақыны, жұмыстан шығарылған қызметкерлер бойынша несие берешегін, ҚМГ қызметкерлерінің берешегін және жеке тұлғаларға төлем операцияларын есептеуді және аударуды көрсету, дебиторлық және кредиторлық берешектерді азайту мақсатында осы шоттар бойынша жұмыс;
  • ҚМГ қызметкерлеріне ақша қаражатын төлеуге арналған құжаттарды, ЗТМО-ға әлеуметтік аударымдарды аударуға, МТ-файлдарды қалыптастыруға арналған тізімдерді дайындау және Қазынашылық департаментіне беру; ҚМГ-ның банктік деректемелерін және қызметкерлердің дербес деректерін; есептіліктің төленетін деректерінің HR SAP-қа сәйкестігін бақылау;
  • ҚМГ қызметкерлерінің және жұмыстан шығарылған қызметкерлердің кірістері туралы анықтамалар дайындау; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы құжаттарды жүйелеу, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіппен ресімдеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық операциялары бойынша құжаттардың орындалуын және ресімделуін қамтамасыз ету;
  • МӘМС, МӘМСЖ, ӘА бойынша негізгі және қосымша салық декларацияларының нысандарын қалыптастыру және ұсыну; салық комитетімен салыстырып тексеру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық тіркелімдерін толтыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарына мониторингті жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде есепке алу мен есептілікті автоматтандыру үшін ішкі нормативтік құжаттардың, техникалық тапсырмалардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының тапсырмалары мен өкімдерін, бас бухгалтердің, БСЕД басқармалары/бөлімдері бастықтарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Қажетті қабілеттер

  • - навыки ведения бухгалтерского и налогового учета;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр