Санаты жоқ/2 санатты инженер-гидротехник

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
471

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Гидротехникалық құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. 2. Гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырмалар жасауға қатысады. 3. Өндірістік қуаттардың теңгерімін жасайды, ұсыныстар береді және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланудағы кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. 4. Гидротехникалық құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізуге және буландырғыш тоғандарда, жинақтағыштарда, реттегіш тоғандарда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат қажеттілігін айқындайды. 5. Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асырады және осы шаруашылыққа күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді. 6. Гидротехникалық құрылыстардың паспорттарын (О нысанындағы паспорттарды) жасайды, паспорттарға жыл сайын түзету жүргізеді. 7. Гидротехникалық құрылыстардың өндірістік қуатын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді және осы мәселе бойынша қажетті материалдар дайындайды. 8. Материалдарды дайындайды және күрделі жөндеу объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша қатысады (өз құзыреті шегінде). 9. Геотехника (топырақты, жасанды негіздер, құрылыстар), гидротехника (жерасты сулары, сумен жабдықтау және кәріз, гидротехникалық құрылыстар), аумақты, автожолдарды, тұрақтарды инженерлік дайындау бойынша техникалық есептерді орындауға қатысады және ұсыныстар береді. 10. Аварияларды жою жоспары бойынша іс-шаралар мен кестелерді әзірлейді, қызметтің осы бағыты бойынша персоналды оқытуды және жоспарлы оқу жаттығуларын жүргізеді. 11. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. 12. Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. 13. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін» сақтайды. 14. Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын сақтайды. 15. ӨҚжЕҚБ РД № 14.025 «ҮМЗ» АҚ басшылары мен мамандарының өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттері туралы ереже» сәйкес өндірістік қауіпсіздік талаптарын орындайды.

Білім:

Санаты жоқ-орта (техникалық және кәсіптік) / жоғары (техникалық) 2 санат - жоғары (техникалық)

Дағдылар:

Санаты жоқ - орта білімі болған жағдайда (техникалық және кәсіптік) - ДЭЕМ және өзге де ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру; іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары; Гидротехникалық құрылыс саласындағы инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл Жоғары (техникалық) білімі болған кезде талаптар қойылмайды 2 санат - санаты жоқ инженер-гидротехник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Қосымша:

Талап етілмейді

Білетін тілдер:

Талап етілмейді