Лауазымдық жауапкершілік:
1. Қоғамның РМИКС, ЖЖҚ және комплаенс тәуекелдеріне жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметін жалпы басқару және үйлестіру;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнестің үздіксіздігін басқару мәселелерін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың әдістемелік базасын әзірлеу және жетілдіру;
3. Компания қызметі мен процестерінің комплаенс тәуекеліне ұшырауын анықтау, қаржылық және/немесе қаржылық емес шығындардың ықтимал көлемі бойынша стратегиялық, қаржылық, операциялық, құқықтық, соның ішінде комплаенс тәуекелдерін және инвестициялық тәуекелдерді анықтау және бағалау;
4. Тәуекелдерді, оның ішінде комплаенс-тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар мен бақылау рәсімдерін әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету;
5. Іс-шаралардың тиімділігін бағалау және бақылау рәсімдерін құрастыру;
6. Қоғамның комплаенс-тәуекелге немесе беделін жоғалту тәуекеліне ұшырау дәрежесіне әсер ететін құпия ақпарат арналары арқылы алынған ақпаратты жүйелі талдау;
7. Сәйкестік мәселелері бойынша олар толық аяқталғанға дейін және белгіленген тәртіпте түзету шаралары қабылданғанға дейін қызметтік тексерулер жүргізу;
8. Қоғамның тәуекелдеріне мониторинг жүргізу бойынша есептерді талдау, алдын алу шараларын іске асыру тиімділігін бағалау, тәуекелдерге елеулі әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды қадағалау;
9. Қоғамның Директорлар кеңесін құзыреті шегінде ақпаратпен және есептермен қамтамасыз ету;
10. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функциялар мен міндеттер.Білім:
құқықтық / экономикалық / қаржылықДағдылар:
1) басқарушылық бақылау;
2) тәуекелді анықтау және бағалау;
3) бақылауды және өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асыру;
4) ақпарат және өзара іс-қимыл;
5) кемшіліктерді бақылау және түзету.Қосымша:
- заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерБілетін тілдер:
мемлекетті, орыс тілін жетік білу