Жергілікті желіге қызмет көрсету орталығының басшысы

«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
757

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ЖЖ ТКО жұмыскерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету.
  • ЖЖ ТКО өндірістік-шаруашылық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру.
  • Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ және Ақтөбе ҚЖПД басшылығының пайдалану нұсқаулары мен өкімдерінің орындалуын үйлестіру.
  • ЖЖ ТКО цехтарының үздіксіз жоғары сапалы жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. ЖЖ ТКО цехтары/учаскелері жұмысының қағидалары мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.
  • Үзіліссіз және сапалы байланыс үшін келесілерде желіні пайдалануды және күтім жасауды ұйымдастырады: 1) жергілікті желілердің кәбілдік және әуе байланыс желілерінде; 2) FTTH желісінде; 3) жергілікті қалалық кәбілдік байланыс желіжолдарының кәбілдік кәрізінде; 4) CDMA технологиясы бойынша сымсыз қатынау арқылы ұсынылатын абонент жағында; 5) ҚЖҚ, ID TV қызметтерін ұсыну және зақымдануларды жою.
  • Жұмыс көрсеткіштерін есепке алуды, сондай-ақ ЖЖ ТКО бөлімшелерін қажетті техникалық құжаттамамен, нұсқаулармен, бұйрықтармен және өкімдік құжаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
  • ЖЖ ТКО жұмыскерлеріне жетекшілік ету және олардың қызметін үйлестіру, олардың кәсіби даярлығын арттыруға ықпал ету.
  • ЖЖ ТКО жұмыскерлерінің режимдік талаптардың, технологиялық және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігін сақтауын бақылау.
  • ЖЖ ТКО цехтары мен учаскелеріндегі материалдардың, бөлшектердің, қосалқы бөлшектердің жұмсалуының және есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру.
  • Байланыс жұмысының сапасы мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарауға қатысу.
  • ЖЖ ТКО барлық цехтары мен учаскелерінің өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
  • Желіжол кәбілдік желілер мен жабдыққа күтім жасау қағидаларын орындауды, ЖЖ ТКО барлық жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарды орындауын, жоғары еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
  • Ақтөбе ҚЖПД бойынша желіжол-кәбілдік шаруашылықты (бұдан әрі - ЖКШ) күрделі жөндеуге және жаңғыртуға деректерді дайындауды бақылау. ЖКШ-да жөндеу және алдын-алу жұмыстарын өткізуге бақылауды жүзеге асыру.
  • ЖЖ ТКО күтім жасау аймағына кіретін кәбілдік және әуе желісі желіжолдарындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды жүзеге асыру.
  • Әрбір апаттық оқиғаны тергеуді, ЖЖ ТКО-да оларды ескерту бойынша тиісті шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету. Бекітілген техникалық құралдардың жұмысына талаптарды қарау, анықталған кемшіліктер мен пайда болу себептерін жою бойынша шаралар қабылдау.
  • ЖЖ ТКО-ны материалдық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, атап айтқанда: пайдалану және жөндеу үшін қажетті материалдарға, бөлшектерге, қосалқы бөлшектерге, құралдарға, жабдықтарға және өлшеу құралдарына өтінімдерді уақытылы құрастыру және беру.
  • Техникалық оқу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру, техникалық персоналдың біліктілігін арттыруды бақылауды жүзеге асыру. Техникалық және шұғыл-техникалық құжаттаманың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру.
  • Жаңа және жөнделген желіжол құрылыстарын қабылдауға қатысу.
  • Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидаларының талаптарын орындау. «Қазақтелеком» АҚ тәртіптемелерін, үдерістерін және басқа да НТҚ уақытылы және дұрыс орындау (ЖЖ ТКО қызметі саласында).
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес, бекітілген бақылау рәсімдері мен үдерістері шеңберіндегі өз міндеттерін орындау. Қағидаттарды, дәлелдеме нормаларын, ішкі құжаттардың талаптары мен ережелерін сақтау арқылы ішкі бақылау жүйесі мен үдерістік басқару жүйесінің тиімді қызмет етуіне әсер ететін бірыңғай корпоративтік мәдениетті енгізу және дамыту үдерісіне қатысу және көмектесу.
  • Түзету шараларын орындау. Жұмыста қолданылатын материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Жұмыс мәжілістерін жүргізу. «Жергілікті телекоммуникация желісін техникалық қолдау жүйесі» арқылы Ақтөбе ҚЖПД ЖЖ ТКО-да ескерту және жөндеу жұмыстарын жүргізу үдерісін бақылауды және мониторинг жүргізу.
  • Тікелей басшысының нұсқауларын, өкімдері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындау.
  • Өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиеттерді өз бетімен оқып-үйрену көмегімен біліктілігін арттыру.
  • Еңбек қызметі үдерісінде оған мәлім болған, мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияларға жататын мәліметтерді (сонымен қатар құжаттар) сақтау.
  • Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік санитария қағидаларын сақтау және орындау, сонымен қатар еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау.
  • БМЖ талаптарын орындау, сәйкессіздік себептерін жою мақсатында түзету жүргізу және түзету әрекеттерін қабылдау. Қызметтік іссапарға шыққан кезде қызметтік тапсырманы орындау жұмыстарына қосымша БҚ ҚЖПД қызметіне техникалық инспекцияны жүзеге асыру. Техникалық инспекция қорытындысы бойынша есеп қалыптастыру және оны белгіленген тәртіппен басшылыққа жіберу.
  • Бекітілген жайлар мен онда орнатылған технологиялық жабдықтардың жай-күйіне тұрақты бақылауды қамтамасыз ету: 1) бекітілген жайда өткізілетін барлық жұмыстарды сүйемелдеу; 2) жұмыс жүргізу кезіндегі бұзушылықтар туралы басшылыққа уақытында хабарлау; НТҚ талаптарын бұза отырып орындалған жұмыстарды тоқтату туралы мәселені басшылықпен бірлесіп шешу; 3) жабдықтың иесі-бөлімшені тарта отырып, тиісті тәртіпке келтіруге бағытталған жұмыстарға уақытында бастамашы болу. Қоғамның НТҚ сәйкес ЖЖ ТКО метрологиялық қамтамасыз етілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін ЖЖ ТКО жұмыскерлерінің ЖЖ ТКО тікелей қатысатын үдерістерді құжаттауға қатысуын қамтамасыз ету. ЖЖ ТКО тапсырылған үдерістің жекелеген операцияларын сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Жоғары білім

  • Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникация компаниясында жұмыс істеу;
    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу; Уақытылы жалақы Қоғам есебінен оқыту; Мансап сатысымен жоғары көтерілу мүмкіндігі. Жақсы әлеуметтік пакет;

Қажетті қабілеттер

  • *отвественность и дисциплинированность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр