Бөлім бастығы (Іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
3887

   Конкурс туралы

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• жоғары білімі, әсіресе заң, қаржы, бухгалтерлік есеп саласында болғаны лазым;
• ұқсас лауазымда істеген кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде басшылық лауазымда істеген тәжірибесі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
• компания ішіндегі нормаларға сәйкестік бөлімін басқару қабілеті;
• көп ұлтты және түрлі мүдделі тараптардан тұратын ортада жұмыс істеу қабілеті;
• талдау жасау және жинақтап зерттеу дағдысы;
• мәселелерді шешу қабілеті; 
• жақсы ауызша және жазбаша қарым-қатынас құру машықтары;
• ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік меңгеру;
• жетекшілік ету және басқару дағдылары;
• адамдарды және қарым-қатынастарды басқару дағдысы;
• жоғары басшылыққа және НКОК-тың барлық персоналына іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша 
өз бетімен кеңес беру қабілеті;
• жоспарлау және ұйымдастыру машықтары; 
• шетін мәселелерді шешуде сыпайылық және қайраттылық таныту;
• белсенді және бастамашыл болу; 
• процестер мен процедураларды тексеру қабілеті және осы қабілетін үнемі жетілдіре білуі тиіс.
Лауазымдық міндеттері және басқарушылық жауапкершіліктері:
• іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша белсенді, уақтылы, үнемді және кәсіби түрде кеңес бере және қолдау көрсете отырып, «НКОК» компаниясы заң директоратының іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бөлімін басқару;
• іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бөлімінің жұмыс жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру, ресурстарды ұйымдастыру және басымдылықтарды белгілеу және бөлім ішінде атқарылатын жұмыстарды басқару;
• бөлімнің кадрлармен тиісті түрде қамтылуын қадағалау;
• қызметкерлердің жұмыс нәтижесін бақылау және дамыту мақсаттарын белгілеу, жауаптыларды тағайындау, мақсаттар қою, персонал жұмысын аралық бағалау және жыл сайынғы бағалау процесін жүргізу;
• қызметкерлерге қолдау көрсету және бірлесіп әрекет ету тәсілін қолдана отырып, олардың біліктілігін арттыру және оларға тәлімгерлік ету, жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау. 
• Қызметтің жалпы қағидаттары, Іскерлік әдеп кодексі, парақорлықпен және жемқорлықпен күресу туралы нұсқау, өзге де саясаттар мен процедуралар және бизнес-қажеттіліктер негізінде НКОК-тың нормаларға сәйкестік туралы бағдарламасын енгізу және жүзеге асыру;
• НКОК персоналына іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша оқытулар өткізу;
• операциялар, жоспарлау, келісімшарт жасау, жаңа қызметтер/жобалар әзірлеу, Қазақстан Республикасы үкімет органдарымен және басқа да үшінші тараптармен әрекеттесу барысында іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша ой-пікірлер, оның ішінде бөліммен анықталған іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша тәуекелдер санын азайту шараларының ескерілуін қамтамасыз ету;
• іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік саласындағы қатерлерді анықтау және азайту;
• «НКОК» компаниясы мен СКӨБК шеңберіндегі мердігердің абыройы мен активтерін қорғау және сақтау мақсатында шаралар қабылдау;
• іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік саласындағы тиісті оқиғаларды бақылап, оларды бизнесдиректораттар мен функционалдық директораттардың назарына ұсыну;
• бизнес-директораттар мен функционалдық директораттарға НКОК іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бағдарламасына және тиісті ҚР және басқа да қолданылатын заңдар талаптарына сәйкестік жөнінде кеңес беру;
• Нормаларға сәйкестік жөніндегі комитеттің жұмыстарын ұйымдастыру, іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік мәселелері жөнінде Аудит және қызметті бағалау комитетіне хабарлау және Консорциум ішіндегі тиісті комитеттер мен кіші комитеттер жұмысына үлес қосу;
• Өкілетті Органмен, ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдарымен және басқа да үшінші тараптармен іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік бойынша өткізілетін жиналыстар мен келіссөздер барысында «НКОК» 
компаниясының мүддесін білдіру;
• НКОК-тың тиісті хат-хабарларын тексеру;
• акционерлердің заңгерлерімен және нормаларға сәйкестік жөніндегі мамандарымен іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік саласындағы тиісті мәселелер бойынша өзара әрекеттесу;
• мәселелерді сыртқы кеңесшілерге жолдап, оларды басқару;
• іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік жөніндегі процестер мен процедураларды тұрақты негізде бақылау және жаңартып отыру;
• Компанияның кез келген нысанының аумағында жүргізілетін жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарына, осы жұмыстарға дейінгі және олардан кейінгі жұмыстарға қатысу (бұдан әрі - ЖМЖЖ);
• Компанияның кез келген нысанының аумағында Компания бекіткен кестеге сәйкес ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың (жазбаша немесе ауызша) тапсырмасы бойынша ЖМЖЖ кезінде ЖМЖ жұмыстарын орындау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізу кезінде ДЕҚҚОҚ стандарттары мен сапаны бақылау процедураларын сақтау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың тапсырмаларын толық, тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындау;
• ЖМЖ жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалардың тапсырмаларын мерзімінде немесе тиісті түрде орындауға, сонымен қатар Компания белгілеген ЖМЖЖ кестесі мерзімін сақтауға кедергі келтіретін немесе мүмкіндік бермейтін мән-жайлар орын алса, бұл туралы дереу ЖМЖ жұмыстарына жауапты тұлғаларға хабарлау.

Қажетті қабілеттер

  • Бухгалтерский учет
  • Корпоративная культура и этика
  • Юриспруденция
  • Деловая этика
  • корпоративная безопасность
  • - Управление персоналом

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)