Еңбекақы жөніндегі бас менеджер (C&B)

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
1927

   Конкурс туралы
Білім профилі
  • Жоғары кәсіби білім (психология, қоғамтану, заңгерлік).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Мамандығы бойынша, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда (персоналды басқару, кадрлық құжат жүргізу, кадрлық әкімшілік ету) жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 4 (төрт) жыл;
  • Мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік немесе ұлттық даму институттарында қызмет жұмыс тәжірибесінің болуына артықшылық білдіріледі.

Білімі мен дағдылары:

  • Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;
  • Қазақ және орыс тілдерін жетік білу, ағылшын тілін білуіне артықшылық білдіріледі;
  • Арнайы ақпараттық бағдарламалармен, 1С:ЗУП, Documentolog-пен жұмыс жасау.

Сапа, құзыреттілік:

  • Аналитикалық ақыл-ой жүйесі;
  • Ұйымдастыру қабілеттілігі;
  • Коммуникативтілік;
  • Жауапкершілік;
  • Нәтижеге бағдарлану;
  • Ұқыптылық;
  • Үздіксіз оқыту және өзін-өзі дамыту;
  • Бастамашылдық.
Негізгі функционалдық міндеттері:
  • Қоғамның рекрутинг үдерісін жүргізу;
  • Жеке және топтық сұхбаттарды ұйымдастыру;
  • Жаңа қызметкерлерді қолдауға аясында бейімдеу;
  • Корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, оны дамытуға қатысу.
  • Кадрлар резервін қалыптастыру; 
  • Күнтізбелік оқыту жоспарын даярлау және орындалуын қадағалау;
  • Қоғам және Департаменттің бизнес-үдерістерін дамыту және оңтайландыру жобаларына қатысу;
  • Қоғам қызметкерлерін медициналық сақтандырау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Қоғам қызметкерлеріне корпоративтік және топ құрайтын іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс;
  • HR мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және қызығушылық танытқан тұлғалармен әрекеттесу;
  • Құзыреттілігі асында Басқарманың тапсырмаларын орындау.