Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау департаменті құжат айналымы және анықтамалық ақпарат бөлімінің менеджері (уақытша бос орын)
Лауазымдық міндеттері:
1) шығыс хаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
2) жауап шығыс құжаттарының міндетті түрде мемлекеттік тілде әзірленуін қадағалауды жүзеге асырады;
3) құжаттарды қайта бағыттауды қамтамасыз ететін Құжаттармен алмасу орталығының жұмысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен (бұдан әрі-Қор) өзара ісқимылды жүзеге асырады;
4) құжаттарды қайта бағыттауды қамтамасыз ететін «Перевалочная» ЭҚЖ с жұмысы бойынша филиалдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) «KEGOC» АҚ АҚ-ға іссапарға келетін қызметкерлерді есепке алу журналдарын жүргізу, келу, кету туралы үшінші тарап ұйымдарының іссапар куәліктерінің белгілерін жүзеге асырады;
6) «Внешняя БРД» ЭҚЖ деректер базасында (бұдан әрі – ДБ) жұмысты, құрылымдық бөлімшелердің құжаттарды ресімдеуінің дұрыстығын мониторингтеу және құзыреті бойынша бөлуді жүзеге асырады;
7) «Служебные записки» ДБжүргізеді, түзетеді, консультация жүргізеді, ЭҰЖ-ға қосылған «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне көмек көрсетеді, технологиялық процесті жақсарту бойынша ақпаратты жинайды және жүйелейді;
8) ЭҚЖ-ға әкімшілік етеді, ЭҚЖ «Құрылым және кадрлар бөлімі» (бұдан әрі –«Құрылым және КБ») деректер базасында (бұдан әрі – ДБ) жаңа қолданушыларды (жұмыстан шығу) тіркейді;
9) ЭҚЖ «Құрылым және КБ» ДБ-да тіркеулік жазбасына өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
10) Департамент қызметінің бизнес-процестері мен процестік көрсеткіштерінің сипаттамасын жасайды және жаңартады;
11) Департаментте БМЖ жұмыс істеуі туралы есептерді әзірлеуді жүзеге асырады (БМЖ мақсаттарының, жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы туралы; қызмет процестерінің нәтижелілігіне қол жеткізуді талдау; түзету және алдын алу іс-әрекеттерін орындау, сәйкессіздіктерді жою), БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында қарау үшін БМЖ бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады, танысу және сәйкестік хаттамаларын жүргізеді;
12) БМЖ нәтижелілігін арттыру, қызметті, ресурстарға қажеттілікті, БМЖ құжаттама жобаларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларына ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:
- Жетекшілік ететін саладағы кәсіби білімі және терең тәжірибесі;
- Мемлекеттік органдарда, әсіресе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіндегі, министрліктер мен ведомстволардағы құжат айналымы жүйесін түсіну;
- Іс жүргізудің ерекшелігін, архив жұмысын ұйымдастыруды, электрондық құжат айналымының талаптарын және осы саладағы нормативтік құжаттарды білу;
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);
- Дәлдік, ұқыптылық.
Талаптар:
- Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету / техникалық ғылымдар және технологиялар / әлеуметтік ғылымдар / бизнес, басқару және құқық бейіні бойынша жоғары білім;
- Құжаттаманы басқару, іс қағаздарын жүргізу, электрондық құжат айналымы саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
- MS office, ЭҚЖ кеңсе бағдарламаларының тәжірибелі қолданушысы;
- Қазақ, орыс тідерін білу.
- Мәтінді тану бағдарламалық жасақтамасын, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін білген жөн;
- Ақпараттық технологиялар саласында қосымша білімнің болғаны жөн.
Бос лауазым негізгі қызметкердің 11.11.2024ж. дейін декреттік демалысы кезеңіне уақытша болып табылады.
Түйіндемелер 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қажетті қабілеттер
- ведение делопроизводства и документооборота
- Система электронного документооборота (СЭД)
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар