Кадрлық әкімшілендіру және қызметкерлердің қызметін бағалау бөлімінің маманы

Samruk Business Academy Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
95

Қаралған саны:
1555

   Конкурс туралы

Міндеттері:

СИПАТТАМА МЕН ТАЛАПТАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!
  • Тапсырыс берушілерге кадрлық әкімшілендіру, қызметкерлердің қызметін бағалауды әкімшілендіру, қызметкерлердің әлеуметтік төлемдерін және ерікті медициналық сақтандыруды әкімшілендіру, қызметкерлердің ақшалай емес сыйақысын әкімшілендіру, шетелдік жұмыс күшін есепке алуды әкімшілендіру бағыттары бойынша қызметтер көрсету.
  • Еңбек кодексіне және ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне, нормативтік құжаттарға, мекеменің, тапсырыс берушінің ережелеріне сәйкес кадрлық құжаттардың барлық түрлерін ресімдеу.
  • Қызметкердің мақсаттары картасының нормативтік құжаттармен, мекеменің және тапсырыс берушінің ережелерімен, сондай-ақ SMART техникасымен сәйкестігін тексеру.
    Қызметкерлерді ақшалай емес марапаттау мәселелері бойынша жұмыс беруші актісінің барлық түрлерін мекеменің, тапсырыс берушінің нормативтік құжаттарына, ережелеріне сәйкес рәсімдеу.

Талаптар:

  • Бейіндік салалардағы жоғары кәсіптік білім: Кадрлық әкімшілендіру, персоналды басқару, экономика / менеджмент / HR
  • Бейінді салаларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі: кадрлық іс жүргізу, персоналды басқару
  • Қазақ, орыс тілдерін еркін білу, ағылшын тілі – intermediate.
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, көші-қон заңнамасын білу, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңды білу және т. б.
  • Кадрлық әкімшілендіру бойынша автоматтандырылған жүйелердегі жұмыс тәжірибесі (1С ЗУП және кәсіпорын, ERP, КУФИБ, SAP және электрондық құжат айналымы жүйелері)
  • Клиентке бағдарлану, коммуникабельділік, ашықтық, әдептілік, басқа адамдарға назар аудару және құрметтеу, тез байланыс орнату мүмкіндігі; зейінділік, жауапкершілік, орындаушылық, стресске төзімділік және көп тапсырма, нәтижеге бағдарлану, басымдық беру қабілеті, зейінділік

Шарттар:

  • 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін аптасына 5 күн.
  • Толық күн.
  • Сыйақы мен әлеуметтік пакет.

Қажетті қабілеттер

  • Кадровое делопроизводство
  • 1С: Зарплата и управление персоналом
  • Электронный документооборот
  • - клиентоориентированность и ориентация на результат;
  • *исполнительность
  • оценка деятельности