«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Өндірістік-техникалық қызметі Жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету және телекоммуникация жабдықтары тобының жетекші инженері

от 358400 KZT
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1323

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Өндірістік-техникалық қызметі Жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету және телекоммуникация жабдықтары тобының жетекші инженері»

 Лауазымдық міндеттері:

1) Өндірістік-техникалық қызмет бейіні бойынша «Алматы ЖЭТ» филиалы бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының және басқа да талдамалық және нормативтік құжаттарының жобаларын дайындауға қатысады;
2) телекоммуникация (бұдан әрі - ТК) және ақпараттық технологиялар (бұдан әрі - АТ) саласындағы қызметтерді орындау бойынша бөгде ұйымдармен шарттар жасасады;
3) стативтер, РРЛ, антенналар және кабельдік арналар үшін орындарды жалдау бойынша контрагенттермен және аффилиирленген тұлғалармен шарттар жасасады;
4) өнім берушілер қызметтерді орындағаннан кейін есепті кезеңге ақы төлеу үшін ай сайын тиісті құжаттар жинауды жүргізеді;
5) басқарудың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - БАЖ) шарттар бойынша ай сайынғы төлем рәсімін орындайды;
6) АЖ бөлігіндн «Энергоинформ» АҚ Алматы филиалының (бұдан әрі – «Энергоинформ» АҚ АФ) қызметіне қатысты қызметтердің орындалуын қадағалайды;
7) «Алматы ЖЭТ» филиалының қоймасына түгендеу жүргізуге және қайта бағалауға қатысады;
8) «Энергоинформ» АҚ АФ қызметіне қатысты техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті АТ бөлігіндегі сомалардың есептеулерін тексереді;
9) жылдық, тоқсандық, айлық жоспарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және талдайды, АТ бөлігінде «Энергоинформ» АҚ АФ орындалған жұмыстар актісінің айлық есептерін тексереді, олардың «Алматы ЖЭТ» филиалының жылдық жоспарларына сәйкестігін тексереді;  
10) АТ жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді, АТ жабдықтарының жұмысындағы ескертулерді уақтылы жоюды, «Энергоинформ» АҚ АФ персоналының жұмыстарды орындау сапасын бақылауды жүзеге асырады. Бір айда орындалған жұмыстардың актісіне бұрыштама қояды;
11) «Энергоинформ» АҚ АФ айлық жоспарларының орындалуын, АТ жабдықтарының ЖПЖ жоспарының бұзылмауын бақылауды жүзеге асырады;
12) «Алматы ЖЭТ» филиалының жабдықтарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың уақтылы орындалуын және жүргізілуін бақылайды;
13) жаңа ақпараттық жүйелерді жобалауға және қолданыстағы ақпараттық жүйелерді (АДБЖжЕТ, БЖ, ДТБҚ) реконструкциялауға арналған техникалық тапсырмаларды талдауды жүзеге асырады;
14) АТ саласында филиалды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
15) жаңадан енгізілетін және жөндеуден өткен АТ жабдығын пайдалануға қабылдауға қатысады;
16) келіп түскен АТ жабдығының жаңа үлгілерін сынақтан өткізуді бақылауды жүзеге асырады;
17) АТ саласындағы жабдықтар мен жүйелердің монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының сапасын, АТ бөлігінде жаңа жабдықты енгізу және қолданыстағы жабдықты реконструкциялау кезінде құжаттаманы ресімдеуді бақылауды жүзеге асырады;
18) жаңадан салынатын АТ жүйелерінің сапасын және құрылыс барысын бақылауды жүзеге асырады;
19) ақпараттық жүйелердің қолданыстағы жабдықтарын жөндеу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;
20) пайдаланудағы жабдыққа арналған техникалық және пайдалану құжаттамасының, өндірістік нұсқаулықтардың толық көлемде және тиісті жағдайда болуын бақылайды;
21) күрделі құрылыс объектілерін қабылдау, телекоммуникация жабдықтарын және ақпараттық технологияларды жөндеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
22) «KEGOC» АҚ филиалының объектілерінде ТК және АТ жабдықтарын және «Энергоинформ» АҚ АФ-ға ЖПЖ және ағымдағы пайдалану үшін берілген материалдарды түгендеуге қатысады;
23) «Энергоинформ» АҚ АФ-мен бірлесіп ТК және АТ жабдықтарына қажеттілікті және НҚ есептен шығару бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін   филиал объектілеріндегі ТК және АТ жабдықтарының жай-күйін тексеруге қатысады;
24) АТ қажеттіліктері үшін ТМҚ және НҚ-мен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
25) авариялар мен істен шығуларды, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың жабдықтары мен бағдарламалық-аппараттық кешендерінің істен шығуы жөніндегі қорытындыларды тергеп-тексерудің мониторингін жүзеге асырады;
26) жабдықтар мен жүйелердің жұмысындағы істен шығу, бұзылу себептерін тексеруді және талдау қорытындылары бойынша ақпарат жинауды жүргізеді;
27) жабдыққа, материалдарға, жабдықты жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерге жылдық өтінімдер жасауды үйлестіреді;
28) филиалдың қызметтері мен бөлімдеріне АДБЖ және ЕТ жабдықтарын, олардың қосалқы бөлшектері мен материалдарын жинақтаумен байланысты техникалық мәселелерді білікті талқылауда көмек көрсетеді;
29) ақпараттық жүйеге кіретін және «Алматы ЖЭТ» филиалында пайдаланудағы қолданбалы және офистік бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеуді бақылайды;
30) жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, өлшеу аппаратурасына жылдық өтінімдерді жасау жұмыстарын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
31) «Алматы ЖЭТ» филиалында АТ қызметіне қатысты бюджетті және жылдық есепті қорғауға қатысады;
32) «Алматы ЖЭТ» филиалының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға материалдар дайындауға қатысады;
33) басқарудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БАЖ) деректерді енгізуді жүргізеді;
34) бастықтың Өндірістік-техникалық қызметтің өндірістік қызметіне қатысты басқа да өкімдерін орындайды.

 Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы/Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Электр энергетика саласында/Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

1-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл / лауазымның бағыты бойынша кемінде 7 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

-

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласында Өндірістік-техникалық қызметте қолданатын құжаттардың Тізбесінде белгіленген мамандандырылған білім;  

• Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім;

• Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау органдарының заңнамасы мен талаптарын білу;

•      Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және  белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

•      Кәсіпқойлық (адалдық, әділдік және кәсіби этка қағидаларын қатаң сақтау);

•      Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.

Лицензиялар, сертификаттар

Жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру, Microsoft Office-пен жұмыс істеу дағдыларына ие болу, мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін білу

 Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:30-дан 17:30-ға дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

- Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы Шевченко к-сі 162/7

 Бос қызмет орны тұрақты болып табылады.

Түйіндемені қабылдау 2023 жылғы  23 ақпанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)