Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің стратегияны басқарудың жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
1266

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары экономикалық / техникалық білім;
  • Менеджмент / экономика / қаржы саласында магистр дәрежесінің болуы(қалаулы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Менеджмент саласында кемінде 4 жыл (жобаларды/экономиканы басқару, Стратегиялық талдау, болжау), Қаржы (Қаржылық талдау).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

Кемінде 2 жыл.

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:

  • Оқыту сертификаттарының болғаны жөн: мұнай-газ саласының негіздері, өзгерістерді басқару, Жобаларды басқару, Стратегиялық менеджмент.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және орыс еркін;
  • Ағылшын тілі «жетілдірілген» деңгейде.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының мұнай-газ заңнамасы саласында;
  • Қаржылық-экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында жүзеге асырылады.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Кеңсе қосымшаларын пайдаланушы: Word, Excel, Project, Access, Powerpoint, Lotus, SAP, Visio, MindManager;
  • Жеке қасиеттер: стратегиялық және / немесе аналитикалық ойлау, нәтижеге назар аудару, командада да, өз бетінше де жұмыс істей білу, жұмысты ұзақ мерзімді жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары, проблемаларды шеше білу, сендіру және жоғары коммуникабельділік, жоғары стресске төзімділік.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Миссияны, пайымды, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді қоса алғанда, ҚМГ даму стратегиясын әзірлеуге/өзектендіруге/іске асыру мониторингіне, PESTEL, SWOT сияқты құралдарды қолдана отырып, сыртқы және ішкі ортаның негізгі факторларын талдауға қатысады, ЕТҰ даму стратегияларын/жоспарларын ҚМГ даму стратегиясына сәйкестік және қолдау тұрғысынан келіседі
  • ҚМГ даму стратегиясының сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық портфельге талдау және келісу жүргізеді
  • Жетекші халықаралық және ұлттық мұнай-газ компанияларының қызметіне, әлемдік трендтерге талдау жүргізеді, мұнай-газ саласындағы халықаралық тәжірибе мен практиканы зерделейді
  • ҚМГ-да ақпараттық-талдамалық жұмыс жүргізеді, оның ішінде талдамалық есептер қалыптастырады және стратегиялық сессиялар өткізеді
  • "Самұрық-Қазына" АҚ-мен стратегиялық даму мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды
  • Стратегия секторының құзыретіне жататын Қазақстан Республикасы акционерлері мен мемлекеттік органдарының жекелеген сұрау салулары бойынша ақпарат дайындайды, ҚМГ басшылығы үшін есептер мен баяндамалар жобаларын дайындауға қатысады
  • Басқарма құзыреті шеңберінде ағымдағы функцияларды орындайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр