Сатып алу бөлімінің бас маманы

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1032

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бөлімшелерді тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету;
  • Сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру;
  • Тендерлік рәсімдерді өткізу және шарттар жасасу;
  • Коммерциялық ұсыныстар бойынша ТЖҚ сатып алу бағасын талдау, ТЖҚ сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманы дайындау;
  • Белгіленген талаптарға сәйкестігі үшін ТЖҚ сәйкестендіру;
  • Тауарлар мен материалдарды түгендеу және басқару жүйесін тексеру жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • Белгіленген номенклатура бойынша тауарлар мен материалдардың өтімсіз қорларына мониторинг жүргізу және оларды азайту бойынша шаралар қабылдау;
  • Жүктерді тасымалдау үшін тасымалдауға өтініштерді тіркеу;
  • Қорлардың болуы, өндірістің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, менеджмент жүйесінің процедураларының орындалуы туралы есептерді ұсыну.

Талаптар:

  • Қаржы және/немесе экономика және/немесе құқықтану саласындағы жоғары кәсіптік білім;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу қызметін реттейтін заңнамалық құжаттарға сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу қызметі саласындағы білімін растайтын жарамды сертификаты болғаны қажет;
  • Кәсіби салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі, сатып алу қызметін түрлендіру, қайта ұйымдастыру немесе қайта құру жобаларында, аналитикалық ақпаратты қалыптастыруда;
  • Қордың электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ; «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарын білу; Азаматтық кодексті білу;
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
  • Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа