Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 4-6 разрядты электр монтеры

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
1051

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 4-разрядты электр монтеры білуге тиіс: электроника негіздері; тұрақты және ауыспалы ток электрқозғалтқыштарының түрлі типтерінің, қорғау және өлшеу аспаптарының, коммутациялық аппаратураның құрылымы; электрқозғалтқыштар мен электр аппаратурасын тексеру, жөндеу, жинақтау, орнату және қызмет көрсетудің, оларды асқын кернеуден қорғаудың ең ұтымды тәсілдері; релелік қорғаудың мақсаты; максималды-токты қорғаудың әрекет ету принципі және сұлбалары; сымдардың, оңайбалқығыш салғылар мен қорғау аппараттарының ток жүктемесімен байланысты қималарын таңдау; жартылай өткізгіш және басқа да түзеткіштердің құрылымы мен жұмыс істеу принципі; барлық типті электр сымдарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; жөндеу кезінде қолданылатын электроқшаулағыш және өткізгіш материалдардың номенклатурасы, қасиеттері мен өзара алмасымдылығы; жөндеуден кейін жүргізу-реттеу аппаратурасы бар электр жабдығын реттеу-тапсыру жұмыстарын жүргізу және тапсыру әдістері; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты баптаудың негізгі электрлік нормалары, оларды тексеру және өлшеу әдістері; құрал-жабдықтың, қоректендіру көздерінің әрекет ету принципі; күрделі бақылау-өлшеу жабдығының құрылымы, тағайындалуы мен қолдану шарттары; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясы; IV біліктілік тобы көлемінде қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 5-разрядты электр монтеры білуге тиіс: телемеханика негіздері; түрлі электр машиналары, электр аппараттары, өлшеу және автоматты реттеу электр аспаптарының құрылымы мен электрлік сұлбалары; максимал токтық қорғаудың тағайындалуы және қойылатын негізгі талаптары туралы жалпы мәліметтер; электр жабдығы мен кәбіл сымдарын сынау әдістері; электр қозғалтқыштары және басқа да қызмет көрсетілетін электр жабдығының сұлбалары; түрлі жүйедегі релелердің құрылымы және оны тексеру мен баптау тәсілдері; қуаттылығы үлкен электр машиналарын, күрделі электр жабдығын бөлшектеу, жинақтау, жөндеу және баптау бойынша жұмыс тәсілдері және реттілігі; электр қондырғыларында қолданылатын өорғау құралдарын сынау ережелері; электр қондырғыларында жұмысты қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру, жұмыс істеп тұрған электр жабдығын қадағалау және қызмет көрсету тәртібі; жөндеу кезінде қолданылатын аспаптарды пайдалану үшін қажетті геометриялық қисықтарды құру; түрлендіргіштердің, жиілігі жоғары қондырғылардың машиналық және шамдық генераторлармен жұмыс істеу принципі; фи косинусын арттыру үшін статикалық конденсаторлардағы қажеттілікті есептеу; электр қозғалтқыштарын теңестіру және теңгерімдеу тәсілдері; жиілігі жоғары қорғаулардың тағайындалуы мен түрлері; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережелері, IV біліктілік тобы көлемінде қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 6-разрядты электр монтеры білуге тиіс: кез келген қуат пен кернеудегі түрлі электр машиналарының, электр аппарат-тарының, электр аспаптарының және автоматты желілердің құрылымы, электр сұлбалары, дәлдікке тексеру тәсілдері мен ережелері; телебасқару және автомат-ты реттеу сұлбалары және оларды баптау тәсілдері; күрделі релелер мен элек-тронды жүйе аспаптарының құрылымы және конструкциясы; электроникасы бар игнитронды дәнекерлеу аппараттарына, ультрадыбысты, электримпульсті және электронды қондырғыларға қызмет көрсету ережелері; электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын кешенді сынау әдістері; электр қоректендіру желісіндегі электр жабдығына электр сұлбалары мен басқа да техникалық құжаттаманы жасау ережелері; бөлу құрылғыларының бастапқы және екінші коммутациясының электр сұлбалары; жиілігі жоғары бұғаттауы бар қорғаныштардың әрекет ету принципі; кернеуді, жартылай өткізгіш, селенді түзеткіштер мен телеметриялық басқаруды жедел жарықтандырумен тұрақтан-дырғыштар мен жедел басқару пульттерінің сұлбалары; IV біліктілік тобы көлемінде қауіпсіздік техникасының ережелері. Орта арнайы білім қажет.

Білім:

орташа кәсіптік білімнен төмен емес

Дағдылар:

Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 4-разрядты электр монтеры білуге тиіс: - біліктілігі жоғары электр монтерының басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типті және габаритті электр жабдығын бөлшектеу, күрделі жөндеу. Жөндеуден кейін электржетекті аппаратура мен аспаптарды реттеу және тексеру. Күшейткіштерді, жарық және дыбыстық дабылқаққыш аспаптарын, контроллерлерді, басқару посттарын, магнитті станцияларды жөндеу. Қосу сұлбалары күрделі күштік және жарықтандырғыш электр қондырғыларына қызмет көрсету. Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлы электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажырата отырып жұмыстарды орындау. Конструктивтік элементтерді бөлшектей отырып, трансформаторлар, ажыратқыштар, ағытқыштар мен оларға жетектерді тексере отырып электр желілерінде жедел ажыратып-қосуларды орындау. Люминесцентті жарықтандыру сұлбаларын тексеру, монтаждау және жөндеу. Кәбілді тарқату, бөлшектеу, мөлшерлеу, төсеу, енгізуші құрылғылар мен біріктіргіш муфталарды монтаждау, кернеуі 35 кВ дейінгі кәбіл желілеріндегі соңғы бекітілім. Кәбілдің бүліну орындарын анықтау, жерлендіргіштің кедергісін, кәбіл қабықшасындағы потенциалды өлшеу. Қосылу күрделілігі орташа сұлбамен электр жабдығының істен шығуы мен бұзылуын анықтау және жою. Жұмсақ және қатты дәнекермен дәнекерлеу. Сызбалар мен сұлбалар бойынша жұмыстарды орындау. Электр қозғалтқыштарына арналған іске қосу кедергілерін іріктеу. Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 5-разрядты электр монтеры білуге тиіс: Жоғарывольтті электр машиналары мен түрлі типтегі электр аппараттарын және кернеуі 15 кВ дейінгі жүйелерді бөлшектеу, күрделі жөндеу, жинақтау, орнату және теңестіру. Қорғаныш құралдары мен автоматика және телемеханика аспаптарындағы күрделі құрылғылардың сұлбаларын баптау және ақауларын жою. Электр жабдықтарын және өндірістік желіге қосылған машиналар мен агрегаттардың тізбектерін, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты түрде басқаратын жабдықты қосуға арналған күрделі тізбектер мен электр және жарық қондырғыларына техникалық қызмет көрсету. Кернеуі 35 кВ артық кәбіл желілерін кірме құрылғылар мен біріктіргіш муфталарды монтаждай отырып құрастыру және жөндеу. Сынапты түзеткіштер мен қуаттылығы 1000 кВТ артық жиілігі жоғары қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау. Домна, болат балқытқыш пештердің, илемдеу орнақтарының, бұғаттау, сигнализация, туннель пештерінің басқару құрылғыларының, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ағынды-көліктік технологиялық желілердің, электронды басқару тізбектері бар дәнекерлеу жабдықтарының, электр жабдығы агрегаттары мен электрмашиналарын басқару жүйелері, ток пен кернеу бойынша кері байланысы бар станоктардың жұмыс істеу режимін автоматты реттеу құрылғыларын монтаждау, жөндеу, баптау және қызмет көрсету. Кептіру және вакуумды пештердің күрделі электр жабдығын, максимал токты бірегей автоматтар мен автоматты таспаларды жөндеу. Электр машиналарының роторларын теңдестіру, дірілді анықтау және жою. Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 6-разрядты электр монтеры білуге тиіс: Жоғарывольтті электр машиналары мен түрлі типтегі электр аппараттарын және кернеуі 15 кВ артық жүйелерді бөлшектеу, күрделі жөндеу, жинақтау, орнату және теңестіру. Бастапқы және екінші коммутация мен қашықтықтан басқарудың аса күрделі сұлбалары бар өндірістік учаскелер мен цехтарға қызмет көрсету. Технологиялық жабдықтардың сыни, әсіресе күрделі, эксперименттік сызбаларын, автоматты желілердің күрделі электр тізбектерін, сондай-ақ сыни және тәжірибелік электр машиналарын, электр аппараттарын, электр аспаптарын және бірегей және дәл металл өңдеу жабдықтарының электр тізбектерін түзету, жөндеу және реттеу. Электрлі өзі жазатын және электронды аспаптарға қызмет көрсету, баптау және реттеу. Электроникасы бар, ультрадыбыстық, электронды, электрлік импульстік қондырғылармен, әсіресе дистанциялық қорғаныс құралдарымен, резервті автоматты қосу құрылғыларымен, сондай-ақ транзисторлық және логикалық элементтердегі жартылай өткізгіш қондырғыларын қолданып күрделі тізбектермен игнитронды дәнекерлеу аппараттарына техникалық қызмет көрсету және реттеу. Өлшеу трансформаторларының дәлдік кластарын тексеру. Маймен не қысымдағы газбен толтырылған арнайы құбырлардағы кәбіл желілерін жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстарын орындау. Жоғары вольтті кәбіл желілеріндегі күрделі эпоксидті соңғы бекітілімдер, сонымен қатар мыс және алюминий кәбілдер арасындағы біріктіргіш муфталар монтажы. Күрделі жөндеуден кейін электр қозғалтқыштарды, электр аппараттары мен түрлі қуаттағы трансформаторларды кешенді сынаулар. Жөндеуден өткен электр жабдығын пайдалануға тапсыруға дайындау.

Қосымша:

талап қойылмайды

Білетін тілдер:

талап қойылмайды