4-6 разрядты бақылау-өлшеуші аспаптар және автоматика жөніндегі слесарі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
859

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Білуі тиіс: жөндейтін және дәлдейтін күрделі аспаптардың, механизмдердің, аппараттардың, құрылымы, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін, бақылау-өлшеуші аспаптар мен бақылау-дәлдегіш құралдардың тағайындалуы мен баптау тәсілдерін, кинематиканы, электр сызбаларын және жұмыс істейтін аспаптарды тексеру әдістерін, аспаптарды тексеруге арналған құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережелері, реттелген радиоэлектронды құрылғыларын сынау және тапсыру ережелерін, реттелетін аппаратураға кесте құрау және осциллограмм, электр сызбаларын, арнайы аппаратураның блоктарын тексеру әдістерін, аспаптар мен құралдарды реттеу және градирлеу тәсілдері, оларды сынау кезінде сипаттама алу ережелерін, кедергіні есептеу ережелерін, күрделі қосылыстар сызбаларын, аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы ауытқуды есептеу ережелері, жылу және электр сызбалары мен сызықтарының белгілерін, тексерілетін өлшеу аспаптарына стандарт, нұсқаулық және әдістеме талаптарын, рұқсат және орналастыру жүйесін, бедерлік квалитеті және көрсеткіштері, орындалатын жұмысы шегінде механика, радиотехника, жылутехника, электротехника және электроника бойынша негізгі мәлеметтер (4-ші разряд үшін). Білуі тиіс: жөнделетін күрделі және нақты аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері және оларды реттеу тәсілдері, нақты өлшеу аспаптарының құрылымы, және оларды реттеу және дәлдеу тәсілдері, нақты өлшеу құрылымдарының құрылғысы, кинематика, электр сызбалары,тексеру кезінде қолданылатын аспаптардың әрекет ету принципі, оларды тексеру әдістері, тексерілетін аспаптардың блок-сызбалары, аспаптар мен автоматтардың жұмысында бүлінудің пайда болу себебі, олардың алдын алу шаралары және жөндеу, барлық типті өздігінен жазатын аспаптардың кинематикалық сызбаларын, күрделі аспаптар мен автоматиканы жөндеу, дәлдеу ережелерін, қажетті нақтылықты алуға кепіл беретін базистік беттерді таңдау ережелері, арнайы аппаратураның жұмыс жасау режимі, блоктар және оларды реттеу тәсілдері, орындайтын жұмысы шегінде электротехника, жылутехника, радиотехника және оптика теория негіздерін (5-ші разряд үшін); Білуі тиіс: күрделі аспаптардың құрылғысы, өзара әсері, оларды жинақтаудың технологиялық процесі және дәлдеу тәсілдері, жылу автоматикасының электр жылу сызбалары, күрделі бақылау-дәлдеу аспаптардың құрылғысы мен тексеру әдістерін, тексерілетін аспаптардың блок-сызбалары мен принципиалды сызбалары, тексерілетін өлшеу аспаптардың жұмыс принципі, оларды қолдану ережелері, үлгі ретінде пайдаланатын өлшеуші аспаптар мен құрылғылардың құрылғылардың жұмыс істеу принципі, агрегаттармен жұмыс істеу сызықтарнының өзара байланысын, түзетулерді есептеу, автоматиканың күрделі сызбаларын оқу ережелері, күрделі диаграммаларды өңдеу, оптикалық әйнек, металл және қосалқы материалдардың қасиеттері, аспап құрастыруда қолданылатын өткізгіштерді, жартылай өткізгіштерді, әртүрлі қысқыш профильді тісті шығыршықты есептеу негіздері, тексерілетін өлшеу құралдарына стандарт, нұсқаулық және әдістеме талаптарын, орындайтын жұмыс көлемінде физика, механика, телемеханика, жылутехника, электротехника, метрология, қолданбалы және физикалық оптика, радиотехника және электроника негіздерін (6-шы разряд үшін). Кәсіби даярлықтың болуы.

Білім:

Орташа кәсіби білімнен төмен емес

Дағдылар:

- күрделі электромагнитті, электродинамикалық, жылуөлшегіш, оптико-механикалық, есептік, автоматикалық, пиротехникалық, радиоөлшеуші құралдармен детальдарі мен түйіндері келтірілген басқа аспаптарды жөндеу, реттеу, сынау, дәлдеу, монтаждау және тапсыру. Нақтылық класы 0,5 және жоғары электрөлшеуші аспаптарды қосу және өтеуші әдіспен тексеру. Арнайы аппаратураны және орташа күрделі ЭЕМ аппаратурасын электрлік реттеу, әртүрлі қорек көздерін реттеу. Бақылау-өлшеуші аспаптарды сызбаға қосумен және осциллограмма шешумен қолдана отырып, аппаратураның жұмысқа қабілеттелегін толық тексеру. Желелік қорғау құралдарын, электроавтоматиканы, телемеханиканы баптау және қосу. Жөнделетін аспаптардың ақауларын анықтау және жою. 7-10 квалитет бойынша детальдарды слесарльі өңдеу және тісті қысқыштарды жинақтау. Күрделі қосылыс сызбаларын құру және монтаждау. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы ақауларды есептеу. Ақау тізілімін құру және аспаптар мен автоматика құралдарына паспорттар мен аттестаттарды толтыру (4-ші разряд үшін). -көрсеткіштерді қосынды механизмімен және қашықтан беруді автоматты реттеуді орнатумен күрделі жылуөлшегіш, оптика-механикалық, электродинамикалық, есептік, автоматты құралдарды жөндеу, реттеу, сынау, дәлдеу, монтаж, баптау және тапсыру. Нақтылық класы 0,01 және төмен барлық типті электрөлшегіш аспаптарды аса жауапты учаскелерде және күрделі сынау және технологиялық құралдарда тексеру. Күрделі радиоэлектронды құрылғыларды, ЭЕС аппаратурасын және арнайы радиоаппаратураны электрлі реттеу. Қосылыстардың күрделі сызбаларын құру, күрделі радиоэлектронды аппаратураны электрмеханикалық баптау. Аспаптардың жұмысында істен шығуды анықтау және жою, зертханалық аспаптарды дайындау. Шкала, тор және күрделі эскиздерді әзірлеу. Электр аспаптарын басқа өлшеу шектеріне есептеу. Жылу және электр бақылау-өлшеуші аспаптардығ, автореттеушілердің және қуат көзі автоматтарының барлық түрлерін реттеу және тексеру (5-ші разряд үшін); – проекциялық және оптикалық жүйелердің, радиоактивті аспаптардың, радиостанция агрегаттарын, пеленгаторларды, радарлы қондырғылардың тәжірибелік, сынамалық және бірден бір жылу өлшегіш, автоматты және электронды аппаратты жөндеу, реттеу, монтаж, сынау, баптау, дәлдеу және таралау. Барлық типті және жүйелік электрөлшегіш аспаптарды, оның ішінде нақтылық класы 0,01 және жоғары тексеру. Күрделі электронды сызбалармен автоматиканың блоктарын тексеру және баптау; бағдарламалық басқарумен автоматтарда күшейткіш, бақылау блоктары. Физикалық көрсеткіштерді өлшеуге арналған барлық типті және жүйелі радиоөлшеуші аспаптарды тексеру. Арбитражды өзгерістерді жүргізу. Электронды, жартылай өткізгішті аспаптарды, интегральді және логикалық сызбалардың көрсеткіштерін өлшеуге арналған құрылғыларды тексеру. Аппаратураның жұмысында істен шығуларды анықтау және жою. Детальдар мен түйіндердің тозу дәрежесін анықтау. Жылу бақылауы мен автоматиканы монтажды сызбаларды жинақтағаннан кейін қазан, турбина және технологиялық құрал-жабдықтарды баптау және кешенді сынау. Жылу автоматикасының құралдарын тексеруге арналған сызбаның жинағы. Нақтылығы жоғары жылутехникалық құрал-жабдықтан градиент алу және ары қарай аттестаттау. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу және қажетті материалдарды ресімдеу ( 6-шы разряд үшін).

Қосымша:

Талап қойылмайды

Білетін тілдер:

Талап қойылмайды