Әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
1815

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары медициналық білім;
  • Лауазымның тиісті бейіні бойынша магистратура, ординатура, аспирантура және докторантура дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше)

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 5 жыл.Медициналық қызметтің келесі түрлеріндегі практикалық тәжірибе: өнеркәсіптік медицина және гигиена, санитария, эпидемиология, медициналық сақтандыру және өндірістік компаниялардағы медициналық қызмет (мүмкіндігінше мұнай-газ саласында).

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар

  • Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі маманның сертификаты қажет.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін жақсы меңгерген жөн.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы және өндірістік санитария саласындағы заңнамалық актілері, ҚР Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі;                                                                     
  • ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында; 
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;     
  • Сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласында;                                         
  • Медициналық қамтамасыз ету/сақтандыру қызметтерін қамтамасыз ету саласындағы үздік практикаларды білу;                                                                     
  • Өндірістік санитария және гигиена мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да құжаттар;                                                                     
  • ҚР салалық және еңбек заңнамасын білу;     
  • Корпоративтік басқару негіздерін білу.     

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • SAP SuccessFactors, SAP HCM, 1C: ERP  бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу білімдері мен дағдылары (мүмкіндігінше);                                      
  • Әртүрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен (мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, өндірістік алаңдар, БАҚ және т. б.) тиімді өзара іс-қимылдың расталған дағдылары;                                                                     
  • Ақпаратты жинау, жүйелендіру және талдау дағдылары;     
  • Адами ресурстарды басқару, әлеуметтік саясат саласында тәуекелдерді басқарудың расталған дағдылары;                                                                     
  • Командада жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу дағдылары, қарым-қатынастық дағдылар, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, таныстырылымдар, жобалық басқару дағдылары;                           
  • Этикалық мінез-құлық (оның арқасында сенім тудыратын эталонды этикалық мінез-құлықты көрсетеді, шешімдер қабылдау кезінде этикалық нормалар мен қағидаттарды үнемі ұстанады);              
  • Кәсіби батылдық пен ықпал ету (өз көзқарасын батыл білдіреді және мәселелер шешімін оң қабылдауға шебер әсер етеді);                                                                     
  • Адамдарды бағалай білу (адамдардың пікірлерін білдіру,  дамуы мен әл-ауқатына ықпал ететін ортақ құндылықтарды бөлісетін ортаны қалыптастырады);                                                                     
  • Жұмыста ашықтықты қамтамасыз ету (тиімді және ашық жұмыс және оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында кедергілерсіз өзара іс-қимыл жасау);                                                                     
  • Дамуға ынталандыру (ізденімпаз және білімді дамыту, жетілдіру және жаңарту үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады);                                                                     
  • Мәнін түсінуге көзделуі ( мәселенің мәнін және оны шешудің үздік тәсілін түсіну мақсатында "дұрыс" мәселелер береді және қажетті фактілерді бағалайды);                                                            
  • Ситуациялық тәсілдеме (ахуалдың немесе мәселенің мәнмәтініне негіздей отырып, әрбір нақты жағдайда шешімді тиімді әрі прагматикалық қабылдай немесе таңдау жасай біледі);                           
  • Коммерциялық ойлау (коммерциялық ойлауды және дербес белсенділік тәсілді пайдаланады және бизнеске құндылық жасайды).                                                                     
  • Ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.     

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

1) ҚМГ тобы бойынша медициналық сақтандыру/қамтамасыздандыру қызметтерін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдемесін енгізу;                                                  

2) Қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету талаптарын сақтау бойынша ҚМГ ЕТҰ тексеруіне қатысады;                           

3) ҚМГ ЕТҰ медициналық  қарап-тексерулерін жүргізу туралы деректерді, ҚМГ ЕТҰ қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру / қамтамасыз ету пакеттері туралы деректерді шоғырландырады және талдайды;                                                       

4) ҚМГ қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру процесін басқарады және мониторинг жасайды.

  • «Самұрық-Қазына» АҚ саясатына сәйкес Компания қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру мәселелері бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
  • ҚМГ қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу үшін ҚМГ бюджетінде қаражатты жоспарлауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ және оның ЕТҰ ерікті медициналық сақтандыру бойынша қызметтерін сатып алу туралы шарттарды (тендерлік құжаттамаға өтінімдер дайындау, шарттар жасасу, орындалуын бақылау, орындалған қызметтерді қабылдау) басқарады;
  • ҚМГ қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы мен шарттары туралы хабардар етеді;
  • Қызметтердің өнім берушілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.    

5) ҚМГ қызметкерлерінің жыл сайынғы мерзімді медициналық тексеруден өту процесін басқарады және ұйымдастырады:

  • Қызметтерді сатып алу үшін ҚМГ бюджетінде қаражатты жоспарлауды жүзеге асырады;
  • Қызметтерді сатып алу туралы шарттарды (тендерлік құжаттамаға өтінімдер дайындау, шарттар жасасу, орындалуын бақылау, орындалған қызметтерді қабылдау) басқарады;
  • ҚМГ қызметкерлеріне қызметтерді ұсыну талаптары туралы хабарлайды;
  • Қызметтердің өнім берушілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;                                                                                                                             • медициналық ұйымның қорытынды акті мен ұсынымдарды ұсынуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Тиісті қызметкерлердің назарына алған ұсынымдарын жібереді.

6) ҚМГ қызметкерлерін және т.б. іссапарға жіберген кезде авиа/теміржол билеттерін және тұруы үшін  үй-жайларды брондау қызметтерін сатып алу бойынша жұмысты басқарады.

  • Қызметтерді сатып алу үшін ҚМГ бюджетінде қаражатты жоспарлауды жүзеге асырады;
  • Қызметтерді сатып алу туралы шарттарды (тендерлік құжаттамаға өтінімдер дайындау, шарттар жасасу, орындалуын бақылау, орындалған қызметтерді қабылдау) басқарады;
  • ҚМГ қызметкерлеріне қызметтерді ұсыну талаптары туралы хабарлайды;
  • Қызметтердің өнім берушілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

7) Жетекшілік ететін баптар (мед. сақтандыру және брондау қызметтері) шеңберінде бюджетті жоспарлау және атқару жұмысын жүзеге асырады

  • Бюджетті жоспарлау және орындау, сондай-ақ Департамент басқаратын бағдарламалар шеңберінде процестерін жүзеге асырады;
  • Департаменттің құзыреті аясында ҚМГ ЕТҰ бизнес-жоспарлары, бюджеттерінің жобаларын және оларды түзетуді қарайды және келіседі.                             

8) Еңбекақы төлеу жүйесінің нормативтік құжаттарын, саясаттарын, ережелерін, рәсімдерін, регламенттерін жетілдіруді/әзірлеуді, оларды енгізуді, іске асыру мониторингін қамтамасыз етеді;                                                       

9) ҚМГ ЕТҰ дайындаған материалдар мен жобаларға сараптама жасайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр