Заң департаменті кінәраттық-талап қою жұмысы бөлімінің менеджері (уақытша бос орын)

358400 - 358400 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
2624

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелері:

1) «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы немесе басшылығының тапсырмасы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны/ орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы хабарлама әзірлейді;
2) белгіленген тәртіпте «KEGOC» АҚ-ға қойылатын наразылықтарға жауап әзірлейді;
3) «KEGOC» АҚ беретін сенімхаттарды ресімдейді, сенімхаттардың екінші нұсқаларын, сонымен қатар қайтарылған және пайдаланылмаған бірінші нұсқаларын сақтайды, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес пайдаланылған сенімхаттардың уақтылы қайтарылуын бақылайды;
4) Қазақстан Республикасының соттарына талап-арыздарды әзірлейді;
5) сотта «KEGOC» АҚ мүддесін білдіреді және/немесе қорғайды;
6) СТ KEGOC 00-503-14 Пр «Кінәраттық-талап қою жұмысын басқаруда» көзделген нысандар бойынша жазба жасайды;
7) «KEGOC» АҚ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында тіркеуді/қайта тіркеуді жүзеге асырады;
8) қажет болған жағдайда «KEGOC» АҚ-ға тиесілі жылжымалы/жылжымайтын мүлікке құқықты мемлкеттік тіркеуді, сонымен қатар кепіл мүлікті тіркеу және шешуді жүзеге асырады;
9) есептік айдан кейінгі айдың 5-іне дейін ай сайын Бухгалтерлік және салықты есепке алу департаментіне кінәраттық-талап қою жұмысы туралы ақпаратты ұсынады;
10) «KEGOC» АҚ пайдасына шығарылған сот шешімдердің орындалуына бақылау жүргізеді.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:

  • Негізгі заңнамалық актілерді білу, оларды түсіндіре алу және практикада қолдана алу.
  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу.
  • Кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, заңнаманы және қолдану практикасын зерделеу.
  • Еңбегін ұйымдастыру және жұмыс уақытын жоспарлау.
  • Коммуникация құралдарын қолдана алу.
  • Ақпарат және құжаттармен жұмыс істеудің заманауи құралдарымен, әдістері және технологияларын қолдана алу.
  • Электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу дағдылары.

Талаптар: 

  • Құқық/Құқықтану бағыты бойынша жоғары білім;
  • Құқықтану саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • MS Оffice тәжірибелі қолданушысы;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу.

 Түйіндемелер 2023 жылғы 5 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қажетті қабілеттер

  • Юриспруденция
  • юрисконсульт

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)