Ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар басқармасы ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі:
- Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім.
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:
- ITIL, COBIT (мүмкіндігінше).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын, цифрландырудың мемлекеттік бағдарламасын, жобалық басқару мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, стандарттар мен әдістемелік құжаттарды білу;
- Корпоративтік және АТ-архитектураға (COBIT, ITIL) байланысты халықаралық стандарттар, озық тәжірибелер және фреймворктар туралы білу;
- ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірістік бизнес-процестерді білу және түсіну;
- ҚМГ өндірістік бизнес-процестері саласындағы АТ-жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін білу;
- Осы лауазымдық нұсқаулықты қоса алғанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды білу;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- Интеграцияланған сапа менеджменті жүйелері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін, тұрақты дамуды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында.
- АТ шешімдерінің ірі вендорларын лицензиялау саясатын білу және түсіну, АТ-активтер мен лицензияларды сатып алу мәселелері бойынша АТ шешімдерін жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Деректерді беру желілері мен телекоммуникациялар саласындағы техникалық білім
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- АТ-қызметтерді ұсыну, оларды жеткізу және бизнеске қолдау көрсету бойынша жұмыс дағдылары;
- Инфрақұрылым жобаларын дамыту жөніндегі жобаларды басқару және бақылау жөніндегі жұмыс дағдылары;
- Ақпараттық технологияларды дамыту жобаларын жобалау және іске асыру кезіндегі техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу дағдылары;
- АТ-жобаларды іске асыру шеңберінде АТ жобалары мен міндеттерін үйлестіру дағдылары;
- Ақпаратты, жазбаша және ауызша коммуникацияны жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
- Талдамалық, коммуникативтік қабілеттер, бастамашылдық, стратегиялық ойлау, эрудиция, стреске төзімділік, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- «Samruk Business Academy» ЖМ-мен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- Ақпараттық жүйелер мен телекоммуникацияларды басқару функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен деректерді жинау, шоғырландыру және өңдеу;
- Техникалық шешімдерді әзірлеу, әзірленген шешімдер бойынша техникалық ерекшеліктерді жасау;
- Сектордың жауапкершілік аймағына кіретін шарттардың орындалуына техникалық сараптама және техникалық қадағалау жүрігзу;
- Құрылымдық бөлімшелермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік басқару органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ олардың сұратуы бойынша департаменттің жауапкершілік аймағына кіретін құжаттаманы әзірлеу, мониторинг жүргізу, ақпарат беру, есеп беру;
- АТ-активтерді, лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы және АТ жабдығын пайдалануды оңтайландыру жөніндегі функциялар мен рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Әрбір шешімнің қажеттіліктерін, мақсаттары мен шектеулерін талдау үшін барлық тартылған тараптармен ынтымақтастық орнату және өз құзыреті шеңберінде ұсынымдар беру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр