Лауазымдық жауапкершілік:
• Ішкі нормативтік құжаттардың түпнұсқаларын алу және сақтау бөлігінде Серіктестік құжаттарының дерекқорын жүргізеді.
• Құжаттарға тиісті қолжетімділікті және олардағы ақпаратты пайдалануды қамтамасыз етеді.
• Серіктестік бөлімшелері туралы Ережені және лауазымдық нұсқаулықтарды қабылдауды және алғашқы өңдеуді жүзеге асырады.
• Серіктестік бөлімшелері туралы Ереженің және лауазымдық нұсқаулықтардың уақытылы жаңартылуын бақылайды.
• Серіктестік бөлімшелері туралы Ереженің және лауазымдық нұсқаулықтардың дұрыс орындалуын тексереді.
• Серіктестік бөлімшелері туралы Ережені және лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауды жүзеге асырады.
• Серіктестіктің кіріс-шығыс шарттарын қабылдауды, бастапқы өңдеуді және тіркеуді жүзеге асырады.
• Тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамалар беруді жүзеге асырады.
• Серіктестіктің кіріс-шығыс шарттарының сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен Серіктестік мұрағатына өткізілгенге дейін пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
• «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар және «Құпия» мөрі басылған кіріс құжаттарды қабылдауды, алғашқы өңдеуді және тіркеуді жүзеге асырады.
• Серіктестік басшылығының қаулысына сәйкес орындаушыларды келіп түскен құжаттармен таныстырады.
• «Қызметтік пайдалану үшін» және «Құпия» белгісі бар құжаттарды жібереді.
• Құжаттарға қол жеткізудің және олардағы ақпаратты пайдаланудың тиісті режимін қамтамасыз етеді.
• «Қызметтік пайдалану үшін» және «Құпия» белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу ережелерінің сақталуын, олардың Департаментке уақытылы қайтарылуын қадағалайды.
• «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар және «Құпия» айдары бар құжаттардың ағымдағы сақталуын ұйымдастыруды және істерді Серіктестік мұрағатына тапсыруды жүзеге асырады.
• Арнайы байланыс қызметтеріне шарт жасасу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тиісті басқармалармен Серіктестік кеңсесінде шетел азаматтарының болу бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады.
• «ЖТИ» ЖШС-не шетелдік азаматтардың бару деректер базасын жүргізеді.
• Шетелдік азаматтармен жұмыс нәтижелері бойынша Серіктестік бөлімшелері ұсынған жазбаша есептерді талдайды және қорытындылайды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на ақпаратты жібереді.
• «ИВТ» ЖШС инсайдерлік ақпаратты құрайтын құжаттар мен мәліметтердің Тізімін әзірлеуді жүзеге асырады.
• Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізген тұлғалардың есебін жүргізеді.
• Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізген тұлғалардың тізімін жаңартады.
• Өз құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттардың жобаларына сараптама жүргізеді.
• Іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттармен жұмыс істеу регламентінде белгіленген тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
• Мұрағат жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Білім:
Экономика / Қаржы / Құқық / Менеджмент немесе лауазымның салаларда немесе басқа функционалдық бағыттарына сәйкес жоғары біліміДағдылар:
Міндетті:
• функционалдық қызметтегі практикалық жұмыстарды, бизнес процесстерді басқару;
• бизнес-процестерді басқару және оларды ұйымдастыру саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды білу;
• іс жүргізу, мұрағат ісін ұйымдастыру тәжірибесі мен білімі;
• ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу тәжірибесі кужаттар;
• құжат айналымы, мұрағат ісі саласындағы заңнаманы білу;
• процессордың функционалдығын енгізу тәжірибесі;
• таныстыру дағдылары;
• мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізу дағдылары;
• іскерлік хат алмасу дағдылары;
• дамыған коммуникативті дағдылар
• құжат айналымы тәжірибесі мен білімі;
• хат-хабарларды өңдеудің техникасы мен әдістерін білу;
• заманауи ақпарттық технологиялармен, коммуникалық техникалық құралдармен ұжаттамалық жұмыс.
Қалаулы:
• мемлекеттік/орыс тілдерінен/орыс тілдерінен және керісінше аудару дағдылары;
• қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы мен стилін білу;
• құпия құжаттармен жұмыс жасауды білу;
• жобаны жүзеге асыру, бизнес-процестерді енгізу тәжірибесі.
Қосымша:
Қалаулы:
• іс қағаздарын жүргізу саласында біліктілігін арттыруға арналған сертификаттардың болуы
• МВА, ғылыми дәреже/атақ немесе функционалдық саладағы басқа қосымша білім/сертификаттау
Білетін тілдер:
Міндетті:
• Мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін білу (іскерлік хат алмасу, жазбаша және ауызша тіл).
Қалаулы:
• ағылшын тілін меңгеру.