Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
49

Қаралған саны:
738

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары гуманитарлық / техникалық / экономикалық / заңгерлік /архив ісі / өзге де;
  • Лауазымның тиісті бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесі болуы (абзал).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 6 жыл.

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі:

  • 6 жылдан кем емес.

Басқару тәжірибесі:

  • 5 жылдан кем емес.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Құжаттау және құжаттаманы басқару туралы заңнама саласындағы (оның ішінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" ҚР Заңдары, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер), іс қағаздарын жүргізу, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақтау, құпия іс қағаздарын жүргізу, архив ісі және басқалар саласындағы ішкі нормативтік құжаттар бойынша, ТЖҚ сатып алу саласындағы білімдер.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Ұжымды, уақытты, жанжалды басқару дағдылары, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары, ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары, құжаттарды дайындау кезінде презентацияның ресми іскерлік стилін қолдану, бюджетті жоспарлау, сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру, шарттар жасасу және орындау, төлем құжаттарымен жұмыс және есептер жасау.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды ұйымдастырады, құжаттама және құжаттаманы басқару саласындағы талаптар мен стандарттардың сақталу мақсатында құжат айналымын, архив ісін, қазақ және ағылшын тілдеріне жазбаша аудармаларды басқару, орындаушылық тәртіпті бақылау процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
  • Сәйкессіздіктер мен проблемалық аймақтарды болдырмау, тиімділікті арттыру және процестерді одан әрі автоматтандыру мақсатында іс жүргізу саласындағы проблемалық мәселелерді шешу және әдістемелік құжаттарды, құжаттау мен құжаттаманы басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіру жөніндегі Басқарманың жұмысын үйлестіреді;
  • Мәселелерді жедел шешу және тапсырмаларды іске асыру мақсатында өз құзыреті аясында ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің және ЕТҰ құжаттамалық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Басқарма жұмысын жоспарлау мақсатында Басқарма қызметкерлері үшін мақсаттар мен міндеттер қоюды жүзеге асырады және іс-шаралардың орындалу сапасы мен уақтылығын бақылайды;
  • Функцияларды іске асыру процесінің үздіксіздігін және Басқарма жұмысының барынша тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кадрларды орналастыруды ұйымдастырады, Басқарма қызметкерлері арасында өзара алмастырушылықты бекітеді;
  • Басқарма қызметін жақсарту, ҚМГ-де және ЕТҰ-да Құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау процесін ұйымдастырады;
  • Басқарма қызметкерлерінің қызметінің нәтижелерін ескере отырып оларды кәсіби дамыту және ілгерілету үшін ұсынымдар енгізеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр