"KEGOC" АҚ "Шығыс ЖЭТ" филиалы Метрология және өлшеу жүйелері қызметінің инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
431

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

 

1) Филиалдың қосалқы станциялары мен құрылымдық бөлімшелерінен өлшеудің жұмыс құралдарын (бұдан әрі ӨҚ) есепке алу журналына тексеруге және тіркеуге қабылдауды жүзеге асыру;

2) Қызметтің тексеру зертханасында өлшеу құралдарын тексеру;

3) Тексеру хаттамаларын, ӨҚ жарамсыздығы туралы хабарламаларды ресімдеу. Филиалдың қосалқы станциялары мен құрылымдық бөлімшелеріне тексерілген ӨҚ жіберуді ұйымдастыру;

4) тексерілетін ӨҚ туралы деректерді электрондық түрде тұрақты айлық есепке алу, тексеру зертханасында тексеру кезінде пайдаланылған өздігінен жабысатын жапсырмалар мен пластикалық пломбаларды есепке алу;

5) филиалдың ӨҚ, бастапқы эталондарын тұрақты техникалық әзірлікте ұстау мақсатында оларды қарап-тексеруді, оларға ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді;

6) бастапқы эталондар мен үлгілік аспаптарды тексеру кестесін жасау және сақтау;

7) ӨҚ-ның жедел есепке алуды, олардың қозғалысын қамтамасыз ету, есепке қажетті деректерді өңдеу;

8) ӨҚ-ның жай-күйі мен қолданылуын бақылауды жүзеге асыру, Филиалға жаңадан түсетін ӨҚ техникалық қабылдау;

9) метрология мәселелері бойынша стандарттармен және басқа да нормативтік құжаттармен қойылатын талаптарды сақтау;

10) тексеру зертханасын аккредиттеу үшін материалдар дайындау;

11) Электр энергиясын Коммерциялық Есепке алудың Автоматтандырылған Жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) жұмыс істеуін және қосалқы станцияларда электр энергиясын есепке алуды бақылауды жүзеге асырады;

12) қосалқы станцияларда электр энергиясының нақты және жол берілетін теңгерімсіздігінің деңгейін бақылау және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ЭКЕАЖ, электр энергиясын есепке алу нүктелерін қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Энергетика саласындағы энергетикалық немесе техникалық білім

Лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі (профиль)

Талап етілмейді

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Жоқ


Шарттар

Міндеттерін атқаруға қажетті дағдылар

 

 

 

 Қосымша талаптар

 

·     электр қауіпсіздігі бойынша тобы III-тен төмен емес.

·     Өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдылары, бақылау, техникалық қызмет көрсету;

·     Метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын білу және қолдана білу;

·     Электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелерінің жұмыс принциптерімен танысу;

·     Метрология бойынша ГОСТ және нормативтік құжаттар

·     * Іскерлік қарым-қатынас этикасы;

·     Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

·     * Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

Лицензии, сертификаты

жоқ

Қосымша талаптар

 

·        Мемлекеттік және/немесе орыс тілін білу;

·     Қызметте пайдаланылатын бағдарламалық кешендермен жұмыс тәжірибесі, интернет ресурстарын пайдалану дағдылары, кеңсе периферияларын (принтер, факс, сканер) пайдалану қабілетінің болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)