Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы аға маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
126

Қаралған саны:
1835

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары архивтік ісі /  заңгерлік / өзге де;
  • Тиісті лауазым бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны жақсы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Архивтік ісі саласында кемінде 3 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Құжаттау және құжаттаманы басқару туралы заңнама саласында (оның ішінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" ҚР Заңдары, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер); іс қағаздарын жүргізу, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақтау, құпия іс қағаздарын жүргізу, архив ісі және басқалар саласындағы ішкі нормативтік құжаттар); ТЖҚ сатып алу саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, презентациялар мен есептер жасау дағдылары; құжаттарды дайындау кезінде баяндаудың ресми іскерлік стилін қолдану; коммуникация, уақытты басқару дағдылары; бюджет бойынша жоспарлау, орындау және есеп беру, сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру, шарттар жасасу және орындау, төлем құжаттарымен жұмыс.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Құрылымдық бөлімшелер мен ЕТҰ беретін істердің дұрыс ресімделуін тексеруді және ҚМГ архивіне сақтауға қабылдауды жүзеге асырады, істерді ашу және ресімдеу бойынша құрылымдық бөлімшелерге ескертулер мен ұсыныстар береді; 
  • ҚМГ архив қорының істерін ретке келтіруді және жүйелеуді жүзеге асырады; архив қоймасында оңтайлы температуралық-ылғалдылық және жарық режимін жасау және сақтау, сервистік қызметтерді шақырып, санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру арқылы істердің архив қоймасында сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне құжаттардың көшірмелерін беруді, ҚМГ архивінде сақталатын осы құжаттардың негізінде жеке және заңды тұлғалардың, ҚМГ басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің сұраулы бойынша анықтамалар мен ақпарат жасауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ архивінің паспортын жасайды / өзектендіреді, архив паспортын және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің,  архив ісі саласындағы ҚР  уәкілетті органдарының сауалдары бойынша ҚМГ архив қоры туралы өзге де сұратылатын ақпаратты мерзімді беруді жүзеге асырады;
  • Істерді ресімдеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне беру бойынша жұмыстарды орындайды; 
  • Өз құзыреті шеңберінде ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне кеңес береді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр