Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
120

Қаралған саны:
2315

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары филологиялық/ лингвистикалық;
  • Лауазымның тиісті бейіні/басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны абзал).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Корректорлық (редакторлық) қызмет саласында кемінде 3 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,  «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңдар; іс қағаздарын жүргізу, құпия іс қағаздарды жүргізу саласындағы ішкі нормативтік құжаттар; орыс тілінің лингвистикасын, грамматикасы мен стилистикасын өте жақсы білуі, терминологияны, белгілерді және өлшем бірліктерді, мәтінді рәсімдеу, мәтінді өңдеу әдістері бойынша стандарттарды білуі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Мәтіндерде қателердің болуын тексеру үшін грамматикалық анықтамалықтар мен сөздіктерді, бағдарламалық жасақтаманы пайдалану дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу; ақпаратты жинау, жүйелендіру және талдау, презентациялар мен есептерді жасау дағдылары; құжаттарды дайындау кезінде баяндаудың ресми-іскерлік стилін қолдану; коммуникация, уақытты басқару дағдылары.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Орыс тіліндегі құжаттардың мәтіндерін (бірінші басшы қолы қоятын шығыс хаттарды, тезистерді, баяндамаларды, презентацияларды және ҚМГ бірінші басшысының қарауына дайындалған өзге де құжаттарды, негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын) оқып шығады, олардың құрылымы мен мазмұнын мәтіннің сөйлемдер мен абзацтарға бөлінуінің дұрыстығына, баяндау нысанының анықтығы мен дұрыстығына, мағыналық және стилистикалық сипаттағы кемшіліктерді түзету мақсатында ойдың толықтығына тексереді; анықталған стилистикалық қателіктерді орындаушыларменкеліседі; 
  • Орфорграфиялық, лексикалық және тыныс белгілік қателерді жояды;
  • Терминдердің, шартты қысқартулар мен белгілердің (оның ішінде өлшем бірліктерінің, күндер форматының, символдардың (графикалық белгілердің), сандардың, тізімдердің және т. б.) дұрыс және біркелкі жазылуын қадағалайды;
  • Анықтамалық кірістірмелерді, ескертпелерді, сілтемелерді, дәйексөздерді ресімдеу дұрыстығын тексереді;
  • Өз құзыреті шеңберінде құжаттардың жобаларын келіседі; 
  • Өз құзыреті аясында ҚМГ құрылымдық қызметкерлеріне консультация береді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр